• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2019

Алматы облысында Нұрғиса Тілендиев ауылында ІТ сынып ашылды

697 рет
көрсетілді

Алматы облысының мектептерінде ІТ сынып, coworking-орталықтар  мен робот техникасы кабинеттері көптеп ашылып жатқанын үнемі жазып келеміз. Жалпы, Жетісу жерінде балаларға арналған осындай оқу орталығының саны көбейіп, алдағы 2 жылда 62 ІТ сынып сынып пен робот техникасына арналған 19 кабинет іске қосылмақ.

Бұл бағыттағы шаралар орталықтан алыста орын тепкен ауыл мектептерінде жүзеге асқаны қуантады. Мысалға, өткенде ғана Кеген ауданындағы мектепте coworking-орталық ашылса, дәл сондай жаңа үлгідегі ІТ сынып жақында Іле ауданының Нұрғиса Тілендиев ауылындағы №26 орта мектепте де пайдалануға берілді.

Мектептегі ерекше орын ретінде балалардың қызығушылығын оятқан сыныпта балалар цифрлы технология әлеміне қадам басып, робот құрастыруға талаптанады. Олар ІТ сыныптың ашылуына келген қонақтарға өздері құрастырған алғашқы роботтарын да көрсетіп үлгерді.

– Бүгінде қазіргі заманғы ІТ технологияларды қолданумен қатар бағдарламалау негіздерін оқыту мектептерде кеңінен жүріп жатыр. Әсіресе, ауыл мектептеріне бетбұрыс жасап жатырмыз. Нұрғиса Тілендиев ауылында ашылған ІТ сыныпта оқушылар робототехниканы тереңдеп меңгеріп, қарапайым алгоритмдерді жасау, бағдарламалар мен WEB-сайттар, компьютерлік ойындар, анимациялар құру дағдыларын үйрену мақсатында тегін қосымша сабақтарға қатыса алады, – дейді Іле аудандық аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Кәткеева.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы