• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2019

Атыраудағы мигранттар неге заңды менсінбейді?

422 рет
көрсетілді

Атырауда Өзбекстанның 26 азаматы арнайы рұқсат қағаздарын алмастан жұмыс істеп жүргендері анықталды. Олар денсаулыққа зиян келетін аймақта құбыр тазалаумен айналысқан. Шетелдік азаматтар облыс аумағында болу заңнамасын да бұзып отыр.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, осы іс бойынша 38 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Ал шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан Атырау қаласының тұрғыны енді 140 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Жалпы мұнайлы өңірде шетелдік жұмыс күшінің ағымы айтарлықтай өсіп отыр. Жақында ғана Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Болат Досқалиев өткен жылы өңірге 86 мыңнан астам адам алыс шетелдерден жəне 77 мың адам ТМД елдерінен келгенін айтқан болатын.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

АТЫРАУ