• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2019

Алматы облысының полицейлері телефон «лаңкесін» анықтады

264 рет
көрсетілді

Алматы облысының полицейлері телефон «лаңкесін» анықтады. Жалған ақпарат беруші Жаркент өңірінің 37 жастағы тұрғыны екен.

18 қаңтарда Панфилов аудандық ішкі істер басқармасына белгісіз ер адам телефон соғып, Көктал ауылының әкімдігіне орналасқан учаскелік инспектордың жұмыс бөлмесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. «102» желісі бойынша  бұл ақпарат ауданның барлық арнаулы қызметін аяғынан тік тұрғызып, тәртіп сақшылары ауыл әкімдігі қызметкерлері мен сол маңдағы 6 үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген.

Мұнан кейін ауыл әкімдігінің ғимаратын саперлар мұқият тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Қазір анықталған күдіктіге заң талабы бойынша «лаңкестік туралы жалған ақпарат таратушы» ретінде айып тағылды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы