• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

Жобаға журналистер сарапшы болады

783 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың соңында құрылған «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңес аясындағы сарапшылық топтың құрамына тілшілер шақырылып жатыр. Бұл жөнінде жоба жетекшісі Орынбек Нәсимуллин хабарлады.  

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасына өткен жылы 30 қара­шада қол қойылған. Орал қала­сына келген Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасы А.Шпекбаев пен Ба­тыс Қазақстан облысы әкімі А.Көл­гінов қол қойған бұл құжат Қазақстан Президентінің 2018 жылғы халыққа Жолдауынан кейін дүниеге келген «Жемқор­лықтан ада өңірлер» жобасы бо­йынша жүзеге асқан болатын.

19 желтоқсанда Батыс Қазақ­стан облысы әкімдігі ғимара­тында «Ақжайық – адалдық ала­ңы» жобасының офисі ашылған.

– «Ақжайық – адалдық ала­ңы» жобасының мақсаты – Батыс Қазақстан облысында аза­маттардың мемлекеттік билік инс­титуттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуа­лын қалыптастыру, – дейді жоба жетекшісі Орынбек Нәси­муллин. 

Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыру бағы­тында жұмыс істемек. 

– Тіпті жол жөндеу жұмыстары кезінде тиісті жол белгілерін дер кезінде орнатпаудың өзі сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады. Бұл жерде мемлекеттік мекеме мен полицияның мүддесі болуы мүмкін. Өйткені жол белгісі талабын бұзғаны үшін салынатын айыппұл жергілікті бюджетке түседі. Немесе пара түрінде полиция қызметкерінің қалтасында кетеді, – дейді Орын­бек Жамбылұлы.  

«Күнделікті тұрмыста кезде­сетін жемқорлықты жою – еліміз­дің әр азаматының міндеті» дейді «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі. Болашақта жобалық кеңес аясын­дағы сарапшылық топтың құрамына жергілікті БАҚ қыз­мет­керлері шақырылмақ.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан облысы