Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:30
Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыС.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралыСерік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын.
Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:30
Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыС.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралыСерік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 227
Серік Нығметұлы АХМЕТОВ1958 жылы туған, Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы ЖТОО-зауытын, Ресей Басқару академиясын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.Орталық және жергілікті атқару органдарында мол еңбек тәжірибесі бар. Теміртау қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары қызметтеріне тағайындалған.Соңғы кезде – Қарағанды облысының әкімі.________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыҚ.Н. Келімбетовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралыҚайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 229
Қайрат Нематұлы КЕЛІМБЕТОВ1969 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы нарық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік жоғары мектебін, Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылық қызметтен бастады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің департамент директоры болып қызмет істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.2011 жылғы сәуірден – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыБ.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындау туралыБақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 230
Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ1963 жылы туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылық қызметтен бастады. Содан кейін кәсіпкерлікпен шұғылданды, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы болған. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.Соңғы кезде – Павлодар облысының әкімі._____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыН.Ж. Қаппаровты Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне тағайындау туралыНұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 235
Нұрлан Жамбылұлы ҚАППАРОВ1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды. «КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.2003 жылдан – «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыР.Т.Түсіпбековті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы қызметіне тағайындау туралыРашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 236
Рашид Төлеутайұлы ТҮСІПБЕКОВ1955 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі.Қарағанды облысының сот органдарында жұмыс істеді, аудандық сот тағылымдамашысынан Қарағанды облыстық сотының төрағасына дейінгі жолдан өтті. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды, Жоғарғы Сот төрағасының міндетін атқарды. Республиканың Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы, Республика Бас Прокуроры қызметтеріне тағайындалды.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыБ.М. Имашевты Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындау туралыБерік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 237
Берік Мәжитұлы ИМАШЕВ1960 жылы туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.Прокуратура органдарында қызмет атқарды, тергеушіден Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Мемлекеттік мүлік басқару жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, салық полициясы басқармасының бастығы – Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары, Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.2008 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыН.А.Ноғаевты Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыНұрлан Асқарұлы Ноғаев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 238
Нұрлан Асқарұлы НОҒАЕВ1967 жылы туған. И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.Мәскеу қаласында «Гили-Паскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор болып жұмыс істеді. Кейіннен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС инженері, бөлім бастығы, бас директоры болды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры, республиканың Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің департамент директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.Соңғы кездері – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.___________________________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыӘ.Қ.Құсайыновты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыӘбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 239
Әбілғазы Қалиақпарұлы ҚҰСАЙЫНОВ1952 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Ресей Басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-механик, саясаттанушы.Еңбек жолын Кузнецк металлургия комбинатында бетоншы болып бастады. Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды. Республика Көлік және коммуникация министрлігінің комитет төрағасы, Көлік және коммуникация вице-министрі, Экономика, индустрия және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда министрлігінің комитет төрағасы болып жұмыс істеді. Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі, жауапты хатшысы, Көлік және коммуникация министрі қызметтеріне тағайындалған.Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі_____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыН.М. Сәдуақасовты Қостанай облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыНұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 240
Нұралы Мұстафаұлы СӘДУАҚАСОВ1964 жылы туған, Мәскеу Ауыл шаруашылығы академиясын бітірген.Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін Қостанай облысында кеңшардың агрономы, аға агрономы болып жұмыс істеді, кейінен облыстың мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда болды. Облыс әкімі аппаратының басшысы, Әулиекөл, Қостанай аудандарының және Қостанай қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарды.2006 жылғы маусымнан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары._____________________________________Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыЕ.М.Арынды Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыЕрлан Мұхтарұлы Арын Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар. № 241
Ерлан Мұхтарұлы АРЫН1961 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты.Университетті бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен шұғылданған. Қазақстанның даму институтының президенті болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау вице-министрі, Білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған.2001 жылғы ақпаннан – Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры.