• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда жұмыртқа экспорты 74%-ға артты

866 рет
көрсетілді

Өңірде  құс шаруашылығы тұрақты түрде  дамып келеді.

Соңғы жылдары жұмыртқа өндірісі бойынша үштікке еніп отыр. Республика бойынша алатын үлесі 14 процентке тең. Былтыр облыста 809 миллион дана жұмыртқа өндірілді.  Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 16 процентке  көп.

Құс шаруашылығын одан әрі өркендетудің кешенді бағдарламасы жасалып, сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті өнімді сыртқа сату да жоспарланған.  Екі жылдың ішінде  жұмыртқа экспортының  74 процентке көбеюіне қарағанда ішкі мүмкіндіктер мол деген сөз. Жергілікті кәсіпкерлер мұндай жоғары көрсеткіштерге озық технологияларды қолдану,  өндіріс қуатын арттыру арқылы жетіп отыр. 

Тұтастай алғанда , өткен жылы  экспорт 20 процентке өсіп, 129 миллион долларды құрады, импорт, керісінше,  10 процентке кеміді. Аграрлық салада өндірілген өнім көлемі жарты триллион теңгеден асты.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы