• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2019

Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады

581 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осылай деді.

Былтыр Жалағаш ауданынан табысталған жер учаскелерін мақсатты пайдаланбаған тұлғалардан мемлекет қорына 8 728 гектар жер қайтарылған екен.

«Жер біздің басты байлығымыз. Оны күтіп-баптау, тиімді пайдалану әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан да табысталған әрбір жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуы қатаң бақылауымызда», - деді Қайратбек Сәрсенбаев.

Өткен жылы жер кодексіне көптеген өзгерістер енгізілген болатын. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау функциясы ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне берілді.

Енді жер алып, пайдаланбайтындар тобасына келетін болады.           

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы