Сейсенбі күні, 29 қаңтарда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында салықтық және кедендік әкімшіліктендірудегі цифрлық технологиялар туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, ҚР ҚМ цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев шара спикерлері болады.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.