• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2019

Жетісуда «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалар жалғасады

898 рет
көрсетілді

Биыл Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 94 жоба мен түрлі деңгейдегі шараларды іске асыру жоспарланған.

Бұл мақсатта қазына қоржынынан жалпы құны 2 млрд 534 млн 130 мың теңге шамасында қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ, облыстың аудан, қала орталықтарында іске асырылатын шараларға да 34 млн 130 мың теңге қарастырылып, бұл қаржыға 117 жоба жүзеге аспақ. Шаралар жоспары Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында талқыға түсіп, жобалық кеңсе арқылы басқарылады.

- Биыл Жетісу жеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады. Былтыр аймақта «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 9 млрд теңге болатын 323 жоба жоспарланып, барлығы 4,8 млрд теңге қаржыға 251 жоба іске асырылды. Мұнан бөлек «Туған жер» бағдарламасы бағытында облыстың кәсіпкер азаматтарының қолдауымен 3,8 млрд теңгеге барлығы 376 жоба жемісті аяқталды, - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы