• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2019

Ерболат Досаев: Биыл Қазақстан өз жанармайы мен дизель отынын тұтынады

502 рет
көрсетілді

Биылдан бастап Қазақстан өзінің бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында мәлімдеді.

«90 млн тоннадан астам мұнай мен 55 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі мұнай өнімдеріне бөлшек баға өсімі байқалған жоқ. Биылдан бастап бензин, дизель отыны, авиакеросин мен битумге ішкі қажеттілік қамтамасыз етіледі», - деді Е. Досаев.

Сондай-ақ ол өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,1 пайызды құрағанын, ал осы өсімнің 70 пайызы шикізаттық емес сектордың есебінен қамтамасыз етілгенін сөз етті.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»