• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2012

Еңбек еткеннің еңсесі биік

340 рет
көрсетілді

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Сейсенбі, 11 желтоқсан 2012 7:15

Бүгінде өркениетті даму жолына түскен елімізде қоғамның барлық саласында аса маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететіні әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады. Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

 

Сейсенбі, 11 желтоқсан 2012 7:15

Бүгінде өркениетті даму жолына түскен елімізде қоғамның барлық саласында аса маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететіні әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады. Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Әлемдік дағдарыстың еліміздің экономикасына тигізер әсерін азайту мақсатында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған өзінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген Жолдауында ел алдындағы маңызды міндеттердің бірі ретінде жаңа әлеуметтік саясат – әлеуметтік жаңғыртуды айқындады. Бұл міндеттің басты бағыты қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаның бас­ты мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Мұхит Әлінің айтуына қарағанда облыс көлемінде орташа жалақы 2008 жылы 41 679 теңге болса, 2012 жылдың қаңтар-тамыз айында 75397 теңгені құрап, 1,8 есе өсіпті. 2012 жылдың 1 қазанына түзілген ұжымдық шарттар саны 5071-ге жетті, немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 37,6 пайызында түзіліп, 2008 жылмен салыстырғанда (2396) 52,8 пайызға өскен.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып, кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметкерлеріне еңбек қатынастарында, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтауда, кәсіптік біліктілігін арттыруда атқарған жұмыстарының көрсеткіштері жақсара түсті. Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қызметшілердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында бүгінгі күні 653 меморандум түзілді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға көп деген сөз.Шымкент қаласының келбетін көркейту мақсатында соңғы жылдары көптеген сәулеттік нысандар салынды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Шымкент қаласының Ордабасы алаңында ашылған «Жер-Ана» тәуелсіздік монументі, «Тәуелсіздік» саябағы, «Даңқ» мемориалы және тағы басқа нысандар бар.Биылғы жылы аудан, қалаларда 265 әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында 191,1 млн. теңгеге 103 меморандум түзілді. Сонымен қатар, «Қазатомпром» ҰАК-пен 2010 жылы түзілген меморандумға байланысты Қыземшек кентіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 32,3 млн. теңге қаржыны игеру және 2011 жылы түзілген меморандум бойынша Шымкент қаласында 100 орындық кәсіби техникалық лицей құрылысына қаралған 1749,6 млн. теңге қаржыны игеру іске асырылуда.«Жұмыспен қамту-2020» бағдар­­ламасының негізгі мақсаты –  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, тиісінше өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тарту арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету екені белгілі. Жалпы, облыста 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 9560,1 млн. теңге бөлінді, 9 айдың қорытындысы бойынша 6840,5 млн. теңгесі (71,6%) игерілді. Осы бағдарлама аясында 29482 азаматпен әлеуметтік келісім-шарт түзілді. Оның ішінде, 7889 адам – өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 18134 адам жұмыссыздар, 3459 адам – аз қамтылған азаматтар қатарынан қамтылды.Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында 769 жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзіліп нақты 7800 адам жолданды. Бүгінгі таңға олардың 5019-ы жұмыстарын жалғастыруда, 2120-сы немесе 27,2 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 997,0 млн.теңге қаралып оның 810,9 млн. теңгесі (81,3%) игерілді. Орташа айлық еңбек ақысы 46,9 мың теңгені құрады.Елбасының тапсырмасымен қабыл­данған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 2011 жылы қанатқақты режімде жүзеге асырылып, қорытындысы бойынша еңбек нарығының тиімділігін оңтайландыру тетіктері жетілдірілді. Осы негізде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың кәсіптік оқыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезіндегі іс-әрекеттерінде мақсаттылықты қамтамасыз ету үшін Оңтүстік өңірінің 2013-2015 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы әзірленді. Жалпы, 2013-2015 жылдарға жасақталған жұмыспен қамту картасы нәтижелерінің еңбек нарығын тұрақтандыру барысына тигізетін оң ықпалдары бар.2010-2012 жылдар аралығында мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер, оның ішінде: облыстағы 86104 аз қамтылған азаматтарға 685,0 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 677370 балаға 8581,9 млн. теңгенің он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 26222 отбасыға 398,1 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленіпті.Кедейлікті төмендетудің негізгі бағыттары – аз қамтамасыз етілген азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіби даярлауға (қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға) жолдау, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға материалдық көмек көрсету және өз ісін ашу үшін жер телімдерін, үй жануарлары мен шағын несие беру екені айқын. Бұған қосымша бюджет есебінен және демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдаулардың түрлерін көрсету болып табылады.Аз қамтылған отбасыларын азайту мақсатында үш жыл ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмысқа қабілетті 2760 азамат тұрақты жұмыстарға орналасты, 646 азамат кәсіби қайта даярлау курстарынан өтсе, 1626 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.Соңғы 3 жыл ішінде 213 отбасына 45,2 га жер телімдері, жергілікті бюджеттен материалдық көмек ретінде қаржы бөлудің арқасында және демеушілер тарапынан 732 отбасына 1530 ірі қара, ұсақ мал және үй құстары алып берілді. Бұған қосымша түрлі қайырымдылық қорлары, кәсіпкерлер және қалталы азаматтар есебінен 31830 аз қамтылған азаматқа 177,6 млн. теңгенің демеушілік көмектері көрсетілді.Кедейлер санының кемуі олардың жан басына шаққандағы табыстарының артуынан 2010 жылы 3616 теңге болса, ағымдағы жылдың 1-ші қазанына 4377 теңгеге дейін көбейген. Нәтижесінде 2010 жылы облыста кедейлер саны 25288 адамды құраса, 2012 жылдың 1-ші қазанына 7781 адамға немесе 3 есеге дейін кеміген.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлық – мемлекеттің қастерлі борышы. Осындай ізгі қамқорлықтың нәтижесінде соңғы жылдары республика аумағында мүгедектерді оңалту мен бейімдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетудің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартып, олардың қоғамда тең мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, мүгедектер проблемаларына қоғам назарын аудару, олардың құқықтарын қорғау, мүгедектердің қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасау болып табылады.Бүгінгі таңда облысымызда 182 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Оның 790-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері, 29 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері, 150 мыңнан астамы көп балалы аналар, 2 мыңнан астамы жалғызілікті қариялар. Сондай-ақ, 87 мыңнан астам мүгедектер есепке алынған.2010 жылы ардагерлерге 39,4 млн. теңгеге санаторийлік-курорттық са­уық­тыру қызметі ұсынылған болса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 40 пайызға ұлғайтылып, 56,1 млн. теңгені құрап отыр. 2012 жылы 78 миллион теңгеге жуық қаржыға облыс көлеміндегі шипажайларға 1019 жолдама сатып алынды, яғни 2012 жылға жалпы 235 млн. теңге қаралса, 2013 жылға осы іс-шараларға облыс бюджетінен 322 млн. теңгеге немесе 37 пайызға өсіру көзделуде.Сондай-ақ, 2012 жылы қарт адамдар мен мүгедектерге аса қажетті қоларбалар, протездер, тифло, сурдо құралдар мен есту аппараттарына облыстық бюджеттен 157 млн. теңге қаржы қаралған. Сонымен бірге, қосымша аудандық, қалалық жергілікті бюджет есебінен 2012 жылға 58,8 млн. теңге қаржы бөлініп 1190 жекеленген санаттағы азаматтар сауықтыру орындарында ем алып, демалуда.Мұқтаж азаматтарды сауықтыруда облыс орталығындағы «Ардагерлер» үйі мен «Мейір» ардагерлер үйінің рөлі айрықша болып отырғанын айта кету керек. 2011 жылы «Ардагерлер» үйінде өткен жылы 3000 ардагер демалған болса, биыл 4000 ардагер ем қабылдап, денсаулығын түзетеді. Ал Сайрам ауданында орналасқан облыстық «Мейір» ардагерлер үйінде бір жылда 1800 ардагер демалып ем қабылдаған болса, 2012 жылдан бастап қосымша 100 орын ашылуына байланысты демалушылар саны 2000-ға көбейіп, бір жылда 3800 адам демалып ем қабылдайтын болады. Яғни, жылына барлығы 7800 жекеленген санаттағы азаматтар ем қабылдайды.Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында облыстағы көп балалы аналарға Сарыағаш шипажайына 1,3 млн. теңгеге 26 жолдамамен және мұқтаж мүгедектерге 8,1 млн. теңгеге 19 электр қозғалтқышпен жабдықталған мүгедектік қоларбалармен қамтамасыз етті.Тағдырдың жазуымен қартайғанда жалғыз қалған қарияларымыз да қараусыз емес. Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде 265 қария мен мүгедек толық мемлекет қамқорлығына алынған. Оларға өз үйіне жақындатылған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалып, арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенді ұсынылуда. 4160 соғыс ардагерімен оған теңестірілгендердің рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында оларға жыл сайын өз қалаулары бойынша 8,8 млн. теңгеге жергілікті бюджеттен республикалық және облыстық газеттерінің біреуіне тегін жаздырылып келеді.Ардагерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетудің бір түрі ол «Әлеуметтік такси» қызметін көрсету болып табылады. «Әлеуметтік такси» қызметі Шымкент қаласында қазіргі таңда 12 автокөлікке жетті.Облыс көлемінде бюджет есебінен 26 ардагерге 80,2 млн. теңгеге пәтер алынып берілді. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Қ.Тоғамбаевқа, Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Қ.Қалтаевқа 14,7 млн. теңгеге пәтер алынып берілді. Сондай-ақ, демеушілер есебінен 1 соғыс ардагеріне 1,4 млн. теңгеге пәтер берілді. 593 соғыс ардагеріне жергілікті бюджет есебінен 22,5 млн. теңгеге пәтерлері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, демеушілер есебінен 70 соғыс ардагерінің үйі 8,2 млн. теңгеге жөнделді.Жалпы алғанда жұмыссыз жандарға мемлекеттің жәрдем бергені дұрыс. Бірақ біз көбінесе қазақстандықтардың бойында еңбекқорлықты насихаттауды қолға алуымыз керек екені анық. Еңбектің адамды өсіретінін, барлық жетістіктерге жеткізетінін әсіресе, жастар жақсы түсініп өсуі тиіс. Біз бұл жерде адал еңбекті айтып отырмыз. Жасыратыны жоқ, қазіргі өскелең ұрпақ бәрі бірден бола қалса дейді. Міне, осы әдеттерден арылатын уақыт жетті. Біздің әлеуметтік саясат Елбасымыз айтқандай бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс.Баршамыз Елбасы қойып отырған жаңаша міндеттер, нақтыланған тапсырмалар төңірегінде ұмтылыс пен құлшыныс танытуға тиіспіз. Сонда ғана қол жеткізген жеңістеріміз жалғасын табады. Әрбір адамды істің көзін табуға, еселі, ерен еңбекке жұмылдырайық, ағайын!Оңтүстік Қазақстан облысы.