• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қаңтар, 2019

Қазақстан құрамасы бендиден әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

370 рет
көрсетілді

Венерсборгта (Швеция) бенди бойынша әлем чемпионаты-2019 өтіп жатыр, оған Қазақстан құрамасы да қатысуда. Бұл туралы Sports.kz.  хабарлады.

Бендиден Қазақстан құрамасы 2:53 есебімен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

Ол А дивизионының А тобында Швециямен матч өткізді. Ойын Қазақстандықтар үшін жеңіліспен аяқталды, есеп - 1:22.

Бұл — Финляндиямен (0:1) және Ресеймен (1:22) болған кездесулерден кейін Қазақстанның кіші топтағы үшінші жеңілісі.

Қазақстан құрамасы соңғы орында болса да, турнирде күресті жалғастыруда: алда Норвегиямен плей-офф матчы күтіп тұр.