• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2019

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады

2290 рет
көрсетілді

Қазақстан-Қытай шекарасы 2 ақпаннан бастап уақытша жабылады. Шекараның жабылуы Қытайдағы ұлттық мереке – жаңа жылдың тойлануымен байланысты.

Қазақстан-Қытай шекарасы ақпан айында тоғыз күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Шекара 2-10 ақпан аралығында жабылады, деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде.

Шекараның жабылуы Қытайда ұлттық көктем мерекесін (Қытай Жаңа жыл) тойлаумен байланысты.

Қырғыз Республикасының Шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-қытай шекарасы да жабылады.

Көктем мерекесі-қытайлықтар үшін ең маңызды мереке, оны екі мың жылдан астам уақыттан бері атап өтеді.

Биыл мерекені тойлау 5 ақпанға белгіленеді.