• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2019

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

610 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау комитетінің 2018 жылдағы қызметі туралы есептер тыңдалды. Қор қызметінің 2019 жылға арналған корпоративтік негізгі көрсеткіштеріне түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.