• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қаңтар, 2019

Венгрияның ең бағалы ойыншысы – Исаэль

680 рет
көрсетілді

Венгрия чемпионатының ең бағалы ойыншылар көшін биыл «Ференцварош» клубының сапындағы 30 жастағы бразилиялық легионер Исаэль бастауы мүмкін. 

Бұл футболшы жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Бразилияның ең ірі қаласы – Сан-Паулудың тумасы өз елінің бірқатар командасы және Ресейдің «Краснодарында» өнер көрсетті. 2014-2018 жылдар аралығында «Қайраттың» намысын қорғады. Алматылық клубтың сапында 130 кездесу өткізген жартылай қорғаушы 38 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Қазақстанның суперкубогын екі мәрте иеленіп, ел кубогын төрт рет төбеге көтерді. Премьер-лигада 4 күміс және 1 қола медальді олжалады. Одан кейін Малайзияның «Джохорына» ауысса, көп ұзамай Мажарстанға қоныс аударды.

Бүгін «Ференцварош» клубының басшылары мен Исаэль арасында келіссөздер жүргізілді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келсе, онда Transfermarkt веб-сайтында 2 800 000 миллион евроға бағаланып отырған айтулы азамат Венгрия чемпионатындағы ең бағалы футболшылардың көшін бастайды. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»