• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Қаңтар, 2019

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық нығая береді

568 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Еуропалық Одақ жаһандық күн тәртібінің негізгі тармақтары бойынша, оның ішінде терроризмге қарсы күрес, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, адам құқықтары мен басқа да мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарына ие және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Мұндай қорытындылар Брюссельде «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысы барысында жасалды.

Сыртқы істер, ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Бас Прокуратураның өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал еуропалық делегацияны Басқарушы директордың орынбасары, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры Люк Девинь басқарды.

Отырыстың барысында тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматында іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін қарастырды.