• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2019

Алматы облысында асыл тұқымды мал басы көбейді

803 рет
көрсетілді

Алматы облысының Панфилов ауданында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді. Бүгінде өңірде асыл тұқымды мал өсірумен 17 шаруашылық айналысады.

- Біздің ауданда «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес,  мал бордақылау алаңдарын құру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазір бірнеше шаруа қожалығы 600 басқа лайықталған мал жемдеу алаңдарын кеңейту арқылы, бордақылаудағы мал санын 1000 басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр, - дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.

Былтыр осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін аудан шаруалары «ҚазАгроқаржы» компаниясының қолдауымен ет пе сүтті мол беретін асыл тұқымды ірі қара сатып алған Бір ғана «Сыбаға» бағдарламасының арқасында 96 млн теңгеге Ресейдің Астрахань облысынан 217 бас «Қалмақ» тұқымды сиыр әкелінген. Жалпы «ҚазАгроқаржы» компаниясыны Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығын  қолдауға 258,5 млн теңгеге несие беріпті.

Ал өңірдегі Көктал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет пен сүт өндірісе жолға қоюға қатысты үлкен жоспары бар. Бұйырса, шарушлықтың жеке тауарлы сүт фермасы болады. Серіктестік 2000 бас «Симментал» асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға 2,6 млрд теңге жұмсамақшы.Оның 1000 басы биыл, қалған 1000 басы 2020 жылы келеді.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы