• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2012

Нашақорлық пен маскүнемдік – қоғамға төнген қауіп

545 рет
көрсетілді

Нашақорлық пен маскүнемдік – қоғамға төнген қауіп

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:14

Қазіргі таңда нашақорлық пен маскүнемдік төрткүл дүниеде жаһандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отыр. Еліміздегі ірі мегаполис болып саналатын Алматы қаласындағы бүгінгі ахуал алаңдатарлық жағдайда дегенімізбен, өткен жылмен салыстырғанда, есірткі тұтынушылар саны 14,2, маскүнемдікпен есепке тұрғандар саны 2,8 пайызға төмендеген. Есiрткiнiң адам денсаулығы мен өмiрiне зияндығы, оны емдеу және де өзге сауалдарға жауап алу үшін Алматы қалалық дәрігерлік әлеуметтік-сауықтыру наркологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары, жоғары санаттағы дәрігер Индира КЕҢЕСБЕКОВАҒА жолығып, сұхбаттасқан едік.

 

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:14

Қазіргі таңда нашақорлық пен маскүнемдік төрткүл дүниеде жаһандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отыр. Еліміздегі ірі мегаполис болып саналатын Алматы қаласындағы бүгінгі ахуал алаңдатарлық жағдайда дегенімізбен, өткен жылмен салыстырғанда, есірткі тұтынушылар саны 14,2, маскүнемдікпен есепке тұрғандар саны 2,8 пайызға төмендеген. Есiрткiнiң адам денсаулығы мен өмiрiне зияндығы, оны емдеу және де өзге сауалдарға жауап алу үшін Алматы қалалық дәрігерлік әлеуметтік-сауықтыру наркологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары, жоғары санаттағы дәрігер Индира КЕҢЕСБЕКОВАҒА жолығып, сұхбаттасқан едік.

– Индира Құрбанбек­қызы, әңгімеміздіқаламызда қанша адам наркологиялықесепте тұрады, олардың қан­шасыжасөспірімдер, қан­шасы әйелдер дегенсауалдан бастасақ.

– Бүгінде нашақорлық пен маскүнемдік қоғамдағы ең күр­делі мәселенің біріне айналып отыр. Әсіресе, кейбір жастар мен жасөспiрiмдеріміздің уа­қыт­ша «таңғажайып өмір» сыйлар есалаңдық жағдайдың құлы болып жүрген жайы бар. Міне, біздер осы өткір де күрделі мәселемен күнделікті бетпе-бет кездесіп отырамыз. Рас, салыс­тырмалы түрде ал­сақ, біздің орталықта тіркеуде тұратын нау­қастар саны был­тырғы жылдың осы мерзіміне қарағанда 14,2 пайызға төмен­деп отыр. Мә­селен, нашақор­лықпен тіркеуде тұратын нау­қас саны былтырғы жылдың бірінші жартысында 52 452 болса, 2012 жылдың алты айында 50 114, олардың ішінде әйелдер 2011 жылдың 6 айында 5853, ағымдағы жылы 5020, жас­­өспірімдер былтырғы алты айда 54, биыл 11 науқасты құрап отыр. Бұлар осы дерттен қайт­сем айығам деп өз ерiк­терiмен келiп тiркелгендер, ал тiркеусiз есiрткiнiң арбауына түсiп, есi­нен айырылып жүр­гендердің бұдан да көп болуы мүмкін.

– Ал маскүнемдер саны ше?

– Маскүнемдікпен тіркеуде тұрғандар саны биылғы алты айда 2,8 пайызға төмендеді. Яғни, 2011 жылдың бірінші жарты жылында 45 955, ал ағымдағы жылдың алты айында 44 656 адам тіркелді. Олар­дың ішінде әйелдер саны 4412. Бұл 2012 жылға қарағанда 10,3 пайызға төмен.

– Орталыққа келіп түсе­тін және тіркеуде тұратын науқастарды емдеужолдары қалай, орталықтың жұ­мы­сына кеңінен тоқтала отыр­саңыз…

– Орталықтың басқа емдеу мекемелерінен айырмашы­лы­ғы – емдеу тәртібі үш бағытта жүргізіледі. Біріншісі – меди­ци­налық проблема, яғни нау­қастарды емдеу, са­уық­тыру және алдын алу, екіншісі – әлеуметтік жағынан қорғау, үшіншісі – құқықтық мәселе. Оны қалай түсінуге болады дейсіз ғой. Ор­талық дәрігер­лері науқастарды емдеумен қатар ішкі істер органдарымен, оқу бөлімдері­мен, бас­қа да мекемелермен, қоғамдық ұйым­дармен тығыз байланыста жұ­мыс атқарады. Бүгінде аудан­дық, қалалық әкімдік­терде  наша­қорлық жә­не есірт­кі биз­несі­мен күрес жө­нінде арнайы комиссия құ­рылған. Комиссия­ның төр­аға­сы Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов. Оның мү­шелеріне дә­рігерлер, үкіметтік емес ұйым­дар, білім беру басқармасы, ЖОО, ішкі істер органдары­ның өкілдері кіреді. Қазір мұн­дай комиссия қа­ланың әрбір ауданында жұ­мыс іс­теуде.

Орталық негізінен 360 төсекке арналған. Оған қоса жансақтау бөлімінде 6, уақыт­ша бейімдеу және уытсыздандыру бөлімінде 30 төсек бар. Штаттағы 663 қызметкердің 158-і дәрігер болса, оның 98-і нарколог-дәрігер, 257-і медбике, 154-і кіші медбике. Ор­талықтағы 12 бөлімшеде қала тұрғындарына өз еркімен келіп тегін емделетін ерлер мен әй­елдерге арналған бөлімше мен ақылы бөлімше бар. Сондай-ақ науқасты мәжбүрлі түрде емдейтін 175 төсектік бөлімше жұмыс істейді. Оның 15 төсегі әйелдерге арналған. Бұл жерде жататын нау­қас­тарды тек сот­тың шешімімен ішкі істер органының қыз­меткерлері әке­леді. Мұнда олар алты айдан екі жылға дейін емделеді. Бө­лімшеге жеке күзет қойылған.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, биылғы жылы Алматы қалалық қорғаныс істер жө­ніндегі бас­қар­масы әскерге шақырылушы­ларды тексеретін дәрігерлік-ме­дициналық ко­мис­­­сияның құра­мына де нарколог мамандарды тартып отыр. Онда 8 нарколог-дәрігер 6 ай бойы қорғаныс іс­тері жөніндегі басқармалар жа­нындағы медициналық комиссия құрамында жұмыс істейді. Әскерге шақырылушылар аудан­­дық, қалалық әскери ме­дици­налық комиссиядан өткен соң, Қарулы Күштер қатарына аттанар алдында соңғы рет тағы да наркологиялық тесттен өтеді. Биылғы жылғы көктемгі ша­қырылым кезінде 39 әскерге шақырылушы медициналық комиссиядан өтпей, олар біздің орталықта әрі қарай тексе­ріліп, емделуге жіберіліп, ба­қы­лауға алынды.

Орталық қызметіне 1,5 млн.-нан аса халқы бар қала үшін тәулік бойы қызмет көрсететін екі сараптау ка­бинеті де кіреді. Мұнда ішкі істер органдары, жол инспекторлары қалада болған барлық жол көлік апа­тының жүргі­зушілерін тү­гелдей сараптамадан өткізеді.

– Индира Құрбанбек­қы­зы, мәселен, сіздің орта­лық­қа науқасты алыпкелді делік, одан кейінгі тағдыры қалай жалғасады?

– Емдеудің тәртібі бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншісі, дәрі-дәрмекпен, екінші кезең – психотерапиялық ем, одан ке­йін сауықтыру кезеңі. Емделіп шықққан науқас одан кейін орталық жанындағы амбула­торлық қызметте бақылауда бо­­лады, яғни диспансерлік есеп­­ке алынады. Онда мас­кү­немдер 3 жыл, нашақорлар мен токсикомандар 5 жыл есепте тұрады. Егер осы уақыт мерзімінде ремиссия болса, онда бақылаудан мүлдем алынып тасталады. Әрине, осы диспансерлік уақыт аралы­ғын­да біздің дәрігерлер тек нау­қаспен ғана емес, олардың отбасымен де жұмыс жасап, ақыл-кеңес береді.

– Орталық тек емдеумен ғана емес, аурудың алдын алу шараларын да қарас­тыратын шығар. Осы ба­ғыт­та қандай нақты жұ­мыстар атқарылуда?

– Әрине, орталық қызме­тіне алдын алу шаралары кіре­тіндіктен, мамандарымыз ондай жұмыспен де айналысады. Дәріс оқып, семинар, дөңгелек үстелдер және акциялар ұйым­дастырып, т.б. шаралар өткі­зеді. Балалар, жасөспірім­дер­мен жұмыс істейтін нарколог-дәрігерлер мектеп инспекторларымен тығыз қарым-қаты­наста. Сондай-ақ, ата-аналар жиналысына қатысып, үгіт-насихат жүргізеді. Сонымен қатар, анонимді түрде анкеталар толтыртып, тесттен өткі­зеді. Бұл шара тек мектеп оқушылары арасында ғана емес, ЖОО-да ұйымдасты­ры­лады. Мәселен, есiрткiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зиян­дығын, бiр адасқан соң үйiрiне қайта қосылып, қатарға iлiнiп кетудiң оңай еместiгiн жас­тарға түсiндiру мақсатында есiрткiге қарсы күрес айлығын жарияладық. «Шындық жеңе­дi, есiрткi өлтiредi» ұранымен өткен айлық Қазақстан қала­ларын түгел қамтыды. Республика сарайы алдында ұйым­дастырылған «Болашақ үшiн биле!» iс-шарасы осы айлық аясында өткiзiлдi.

– Он бес жылға жуық тек осы салада қызмет істеп келе жатқан кәсіби маман-дәрігер ретінде айтыңызшы, осы кеселдің себебі, түпкі негізі неде деп ойлайсыз?

– Мен айтар едім, бұл жердегі басты мәселе отбасында. Егер ата-анасы баласына дұрыс тәрбие берумен қатар, өздері де үлгі болып, ұрпа­ғының болашағына немкетті қарамай, қашанда бақылауда ұстап, ата-аналық мейірімін төгіп отырса, бала теріс жолға түспейді. Әрине, қай ата-ана баласын темекі тартуға, ішім­дікке, нашақорлыққа үйретеді дейсіз. Олардың бәрі қызығу­шылықтан, тек «бір рет тартып көрсем, бір рет ішіп көрсем» деген әуестенушіліктен басталады. Темекі де никотинге тәуелділіктің бір түріне жатады. Бүгінде емханада темекіге тәуелділікке амбулаторлық ем жүргізіледі. Баланың жүрген ортасына, жора-жолдастарына да көп байланысты. Тағы бір себеп – жастардың жұмыс істемей, бос сандалып жүруі. Ал есірткіні бір-екі тартып, бір-екі рет ине салған соң қалай тәуелді болғанын өздері де білмей қалады. Сосын не істейді? Есірткі сатып алу үшін кез келген қылмысқа барады. Ал ата-ана байғұс оны іс насырға шауып, асқынған жағдайда өте кеш біледі. Егер дер кезінде, ауру асқынбаған кезде әкеліп жатқызса, онда ем де тиімді болар еді.

– Мұндай жағдайға кө­біне қандай жастар ұрынуда?

– Бұрындары мұндай жағ­дайлар көбінесе ата-анасы то­лық емес отбасыларында жиі кездесетін. Солай десек те, қазір қорқыныштысы, тәрбие­лі, зиялы отбасыларының балалары да осы жолға түсуде. Қазір жасқа да қарамайды, 15-40 жасқа дейінгілер келіп жатыр. Жиі келетіндер 18-35 жас­тағылар. Орталықта на­ша­қор, маскүнемдермен қоса, созылмалы асқынған науқас­тар­ды емдейтін 40 төсектік сома­ти­калық бөлімше жұмыс істейді.

– Осы күрделі мәселемен күнделікті бетпе-бет келіп отырғанда қандай проблемалар алдыңыздан жиі шығып жатады?

– Проблема дейсіз бе? Жас­тар арасында нашақорлықты анықтау тесті бүгінде тек ерік­ті әрі анонимді түрде жүр­гізіледі. Кезінде бұрынғы қала әкімі В.Храпунов мұндай тес­тілеу тек адамның өз еркімен ғана жүргі­зілсін деген қаулы шығарған-ды. Сол қаулы әлі де күшінде. Ойлаңызшы, кім өз еркімен келіп наша­қорлықтан тест өткі­зеді дейсіз. Егер жастар шоғыр­ланған мекемелерде, ЖОО, білім беру саласында мұндай тесті жаппай мін­дет­теп өткі­зе­тін бол­сақ, онда ауру­­дың алдын алып, ерте анық­­тап, дер кезінде емдеуге қол жеткізер едік. Қазір біздер не істейміз? Тек қана барып дәріс оқимыз. Көп болса, бір­ді-екілі жеке меншік оқу орындары біздерге текст өткі­зуге келісім берер. Сондықтан осы мәселені тек қана дәрі­герлер емес, ЖОО-лар орындары өз тараптарынан бастама етіп көтеріп, бізбен белсенді түрде жұмыс жасап отырса, бұл ауруды жойып тастамасақ та, азайтуға мүмкіндік туар еді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».