• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2019

Алматыда Еуразия инновациялық экожүйесіне арналған форум басталды

490 рет
көрсетілді

 ЕАЭО қатысушы: елдердің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, технопарктердің басшылары, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер ЕАЭО мүше елдердің біртұтас инновациялық экожүйесін құруды және дамытуды талқылау үшін бір алаңға жиналды. Сарапшылар басқосу аясында тараптардың технологиялық әлеуетін ашу мәселесін жан-жақты саралайтын болады.   

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы аясында Беларус Премьер-Министрі – С. Румас, Қазақстан Премьер-Министрі – Б. Сағынтаев, Қырғызстан Премьер-Министрі – М. Абылгазиев, Ресей Премьер-Министрі – Д. Медведев және Армения Вице-Премьері – М. Григорян мен ЕЭК Алқа төрағасы  Т. Саркисянның, сондай-ақ  халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия өтеді.

Қатысушылар Еуразия технопарктерін интеграциялаудың алғышарттарын, бірлескен инновациялық жобалар құруды талқыламақ. Цифрлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып  стартап-компаниялар мен ІТ-саласындағы жас мамандарды ілгерілету және қолдау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Сарапшылардың пікірінше, технопарктерді халықаралық интеграциялаудың  басты мақсаты – елдер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқарту және 4-технологиялық революция идеяларын ілгерілету. Болашақта халықаралық интеграциялау ісінде ашық тәжірибе  алмасуға әр қатысушылардың мүмкіндіктерін арттыру қажет.

Форумды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ