• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2019

Алдағы үш тәулікте ауа райы -42-ге дейін төмендейді

630 рет
көрсетілді

Алдағы үш тәулікте  минус 35, 42 градусқа дейін суық болады деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.

Республиканың басым бөлігінде жылы ауа райын ұстап тұрған оңтүстік циклоны енді Алтайға қарай жылжиды.  Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда минус 35-42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін температура төмендейді. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аяздың орнын басып, қар, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.