• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстан өнімі мұхиттың арғы жағына жөнелтіледі

707 рет
көрсетілді

«Тайынша ауданында орналасқан  «BioOperations» зауыты тереңдетіп өңдейтін өнімдердің түрін онға жеткізбек.

Оның ішінде  глютенді АҚШ-қа экспорттауды жоспарлап отыр.

2006 жылы пайдалануға берілген «Биохим» кәсіпорны  шикізаттың жетіспеушілігінен өз жұмысын осыдан  8 жыл бұрын тоқтатып, банкроттыққа ұшыраған болатын.  Оның  «қалдық мұраларын» иеленген «BioOperations» кәсіпорны былтыр бой көтеріп, алғашқы цех іске қосылды.  Қазір мұнда  шетел  сұранысына ие крахмал мен глютен өндіріледі.  Жылдық мөлшері-82 мың тонна. Енді глютенді  Ресейдің Новороссийск порты арқылы АҚШ-қа экспорттаудың келісімшарттары жасалып, тиімді мүмкіндіктер қарастырылған.

«Бір тонна бидайды тереңдетіп өңдегенде  343 кило крахмал, 85 кило  клейковина және 354 тонна жемазық  алынады. Шикізатқа қарағанда бағасы екі есе жоғары. Демек, ұтарымыз  көп болмақ», деген аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  кешенде 300 адамның жұмысқа тартылғанын жеткізді. Озық технологиялармен жарақтандыру үрдісін бәсеңдетпеуді,  электр қуатымен, сумен үзіліссіз қамтамасыз етуді тиісті орындарға тапсырды.

Ендігі кезек-негізгі өнім саналатын биоэтанол өндіру. Жылына 36 мың тоннаға дейін шығару белгіленген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы