• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2019

Алматы облысында 3,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

425 рет
көрсетілді

Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 3,8 млн шаршы метр болатын баспана салынады. Бұл ұзын-саны 103,7 мың пәтерден тұратын 2509 көп қабатты үй болмақ. Қазір құрылыстың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жасауға 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, аймақта тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, өңірдің Алматы қаласы маңындағы аудандарында бұл сұраныс екі есеге дейін өскен. Жалпы, «7-20-25» бағдарламасы аясында Талғар, Іле, Қарасай, Панфилов аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларын қоса алғанда жаңадан 26 тұрғын аудан бой көтереді деп жобаланып отыр.

Ал бүгінде осы бағдарламаға қатысуға ынта білдірген азаматтардан жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 197 өтініш қабылданып, оның 113 өтінімі екінші деңгейлі банктер тарапынан мақұлданды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы