Қызылорда облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл қызметті «B&K Aero» авиакомпаниясы Boeing 737 әуе кемесі атқаратындын айтады. Ол аптасына бір мәрте қатынайды. Әуе көлігі екі аралықта 4 сағат 40 минуттай ұшады екен.
Бұрын Қызылорда тұрғындары Түркияға тікелей қатынай алмайтын. Жолаушылар Астана, Алматы қалалары арқылы сапарға шығатын еді. Енді машаһаты көп саяхаттың жолы жеңілдеді.
Соңғы жылдары Қызылордадан бірқатар халықаралық әуе рейстері ашыла бастады. Былтыр Мәскеуге қатынайтын халықаралық рейс іске қосылған еді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы