• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2019

Астана теміржолдарынан 100 мың текше метр қар тазартылды

612 рет
көрсетілді

2019 жылдың 25 мен 31 қаңтары кезеңінде 13,5 мың шақырым теміржол төсемі қардан аршып алынды.

Апта бойы теміржол желілерінде шамамен 10 мың монтер тәулік бойы жұмыс істеді. 328 арнайы техника шығуы орын алды.

Теміржолшылар айтарлықтай қары мол жауған Ақтөбе және Көкшетау өңірінің жолдарын тазалауға ерекше ден қойды. 8 мың шақырымдық жолдан 50 мың текшеметр қар тазартылды.

Қазіргі таңда пойыздар қозғалысы сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол инфрақұрылымдарын қардың көміп қалуынан тазарту бойынша жұмыстар үздіксіз  жалғасуда.