• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Бокс 03 Ақпан, 2019

Жәнібек Әлімханұлы америкалық Стивен Мартинесті жеңді

651 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Фриско қаласында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының бесінші жекпе-жегі жеңіспен аяқталды.

25 жасар қазақстандықтың бүгінгі қарсыласы америкалық Стивен Мартинес – «The Hitman» болды. Кезекті кездесуде Жәнібек нағыз «қазақша» стильді көрсетіп кетті. 

Жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді, бірақ  5 раундты боксшымыз техникалық нокаутпен аяқтады.

Айта кетейік, бұл – Әлімханұлының АҚШ-тағы үшінші жекпе-жегі. Оның алғашқы кездесуі 28 қыркүйек күні өткен, онда бірауыздан төрешілердің шешімімен колумбиялық Карлос Галван жеңімпаз атанды. Кейін Жәнібек профи-рингтегі төртінші айқасын қарашада  америкалық Александр Вонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.