• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2019

Медицина ғылымдарының докторы Әмір Ахетов дүниеден өтті

652 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетов қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы хабарлады.

Әмір Амантайұлы Іс Басқармасының жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әр жылдарда «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерінің, Орталық клиникалық ауруханасының, Медициналық орталық ауруханасының басшысы қызметтерін атқарды.

Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, ол ғалымдар тобының құрамында болып, ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.