• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2019

Жаңаөзенде жаңа жобалар басталды

643 рет
көрсетілді

Жаңаөзенде қалалық медициналық қалашықтың аумағында салынып жатқан 50 төсек орындық медициналық орталықтың құрылысы тоқтап тұрған болатын.

«Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен салынып басталған іске қосу мақсатында, қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ жобаның ЖСҚ қайта жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, құрылысы аяқталмаған нысан ЖСҚ-мен облыстық  денсаулық сақтау басқармасының балансына беріледі. Содан соң, «Өзенмұнайгаз» АҚ әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде 2019 жылға өңірдің инфрақұрылымын дамытуға берілетін қаржы лимитіне қосымша қаржы бөліп, бұл қаржы облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы нысанның құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады. Жоспар бойынша нысан сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмы арқылы инвестрдың қаржыландыруымен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, «Ибн-Сина» медорталығы жобасы да мұнайлы қаладағы медициналық қызметті нығайтуға үлес қосады деп күтіледі. Кәсіпкер Қ. Жариев жаңаөзендіктерге кардиохирургиялық медициналық сапалы қызмет көрсету мақсатында осы жобаны қолға алғанын айтып, «Нұр капитал» кәсіпкерлік жобасы аясында мамыр айында аталған жобаны іске асыратындығын мәлімдеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы