• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2019

Ақмарал Науатбек - дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері

590 рет
көрсетілді

2-3 ақпан күндері Болгарияның София қаласында дзюдодан әйелдер арасындағы Еуропаның ашық кубогі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Екі күнге созылған бәсекеге әлемнің 28 мемлекетінен 177 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 14 спортшы қорғаған болатын. 

Жарыс нәтижесінде 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек қола жүлдегер атанды. Ақмарал алғашқы белдесуінде Испания өкілін жеңсе, топтан шығуға мүмкіндік беретін кездесуде Мелоди Вагарниден ұтылды.

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы франциялық Корчерді жеңіп, кіші финалда австралиялық Катарина Танзерді ұтты. 

Қазақстан құрамасының өзге спортшылары жүлдеге іліккен жоқ.