• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Астана қаласындағы «уақытша баспанада» бес бала өрттен қаза тапты

694 рет
көрсетілді

Астанадағы «уақытша баспанада» бес бала өрттен мерт болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«4 ақпанда сағат 2:34-те Астанадағы ТЖД «101» тетігіне Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы бөлек тұрған уақытша баспанадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өртті сөндіру кезінде 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес баланың мәйіттері табылды. Олардың ата-аналары жұмыста болған» деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның айтуынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 3:06-да ауыздықтап, 3:24-те толық сөндірген. Өртті сөндіруге Астана ТЖД бес бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамдағы 17 адам және ТЖК ОӨАЖҚЖ бірлік техникасы мен жеке құрамдағы төрт адам жұмылдырылған.