• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Үлбі поселкесі бар екенін білесіз бе, білмейсіз бе, әкім мырза

372 рет
көрсетілді

Үлбі поселкесінің тұрғыны қала әкіміне сұрақты осылай төтесінен қойды. «Қала әкімдігі біздің ауылды ұмытып кеткен секілді. Осы есепке де ешкімді шақырмады. Бізде жарық жоқ. Қоғамдық көлік қатынамайды. Көшеде қаңғыбас иттер толып жүр. Біздің ауылдың жағдайымен таныссаңыз жақсы болар еді» деді атын айтпаған бейтаныс тұрғын.

Қала әкімі бұл ауылға 15 ақпанға дейін барып, жағдайымен танысуға уәде берді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН