• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2012

Зураб БОБОХИДЗЕ: «Қазақ елінде бақытты күндерімді өткізудемін»

406 рет
көрсетілді

Зураб БОБОХИДЗЕ: «Қазақ елінде бақытты күндерімді өткізудемін»

Бейсенбі, 25 қазан 2012 7:18

– Менің Қазақстанда тұрғаныма 40 жылдан асты. Осы жылдар ішінде қазақ жерін мекен еткен этностардың өзара достығы қайран қалдырып келеді. Қа­зақстанның әр өңірінде болып жүргенде ұлтаралық татулыққа, достық пен кең пейілге әлденеше рет куә болдым. Өзінің ана тілі болмаса, жанына жақын тартқан достарының ана тілін меңгеріп, сол ха­лықтың тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін терең білуге ұмтылған өзге ұлттарды көбірек кездестірдім. Менің де сырымды айтатын, қиналғанда жанымнан табылатын достарымның арасында өзге ұлттар өте көп. Әсіресе, қазақ пен орыс­тың, армян мен тәжіктің жігіттерінен достыққа адал, сөзіне берік, жолдас­тық­тың қадірін сезіне алатын жақсы достар тапқаныма қуанамын. Біз бір-бірімізді ұлтқа бөлмейміз. Сол себептен болар, бір-біріміздің ұлттық салт-дәстүрімізге құр­мет­пен қарап, мерекелік шараларда ғана емес, басқа уақыттарда да балалары­мыз­дың ұлттық әндеріміз бен билерімізді жетік меңгеруіне қолдау білдіріп келеміз.

Осы орайда Қазақстанда өзге ұлттар­дың ана тілі мен салт-дәстүрін, төл өнері мен мәдениетін жаңғыртуына қолайлы жағдай жасалғанын айрықша атар едім. Қазақстанда, соның ішінде, Атырауда тұ­ратын менің қандастарым да «Иверия» грузин этномәдени бірлестігін құру ке­зін­де еш кедергіге кезіккен жоқ. Қандас­тарым бұл бірлестікті басқару міндетін маған жүктеді. Әрине, қай істің де бастауында қиындықтар кездесетіні баршаға мәлім ғой. Алайда, біз этномәдени бірлес­тіктің жұмысын жолға қою барысында мемлекеттің қолдауын анық сезіндік. Қа­зір балаларымыз өз тілінде сөйлейді, ұлт­тық өнеріміздің қайнарынан терең сусындай бастады. Бірлестік жанынан жастар­дың би ансамблін құрып, оның мүшесі болуға тілек білдіргендердің ұлтына шектеу қоймадық. Қазір ансамбль құрамында 8-9 ұлттың өкілі би билейді. Олардың арасында қазақтың, орыс пен осетиннің жастары бар. Осының өзінен біздің жас­тарымыздың арасында да достықтың туы биік көтерілгенін ұғуға болады.Қазақстандағы ұлтаралық достықтың алтын діңгегін қалыптастыруда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі барын айрықша айтуымыз қажет. Өйткені, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идея­сы өзінің жемісін берді деп ойлаймын. Бұл – ұлтаралық достықты нығайтудың қазақстандық моделі. Мұндай модель бұ­рын әлемдегі бірде-бір елде болмаған ғой. Қазір көптеген елдің басшылары мен саясаткерлері Қазақстандағы ұлттардың берік достығы мен татулығына қызығып та, қызғанып та қарайды. Қазақстандық модельдің ұтымды тұстарын өздерінде қолдануды қалайды. Демек, біздің тәуел­сіз Қазақстанымыздың достықтың меке­ні­не айналғанына бәріміз де сүйсінеміз, бәріміз де марқаямыз.Мен Қазақстандай татулық, ынтымақ ұялаған елде тұрғанымды, осы мемлекет­тің азаматы болғанымды бақытқа санаймын. Егер басқа бір елде тұратын болсақ, өміріміз алаңсыз боларына сене алар ма едім? Себебі, күнбе-күн бұрын бір Одақ­тың бодауында болған мемлекеттердің біразындағы, сонымен бірге, жаһан ел­де­рін­дегі болып жатқан алауыздық пен тұрақсыздықтың теріс әсері неге соқ­ты­ратынын естіп те, көріп те жүрміз. Осы тұрғыдан айтқанда, өз тағдырымның, ба­лаларымның болашағы Қазақстанмен бай­ланысты болғанына үнемі шүкіршілік етемін. Басқаша айтар болсам, қазақ же­ріндегі күндерімді өмірімнің ең бір шуақты сәтіне балаймын.Біз, Қазақстандағы өзге ұлттың өкіл­дері өзіміздің салт-дәстүрімізді, тіліміз бен өнерімізді дамытып қана қоймай, ел­дегі татулық пен достықтың қадірін ке­йінгі буынның санасына терең сіңіруге үлесімізді қосып келеміз. Осы мақсатпен аудандарды аралап, бірлестік құрамын­да­ғы би ансамблінің концертін өткізіп жүр­міз. Біз әрбір шарамызға өзге этно­мәдени бірлестіктердің мүшелерін ша­қы­рамыз. Бә­ріміздің ортақ Отанымыз – Қазақстан бол­ғандықтан, біз бір-бірі­міз­дің өнеріміз­ге қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.Ал барша мұсылман үшін ұлық мереке – Құрбан айттың жөні бөлек. Бұл күні еліміздегі ынтымақ пен берекенің маңызы арта түскенін, ұлтаралық достық пен та­тулық нығая бергенін қалаймын. Баршаға амандық, елімізге тыныштық тілеймін.Жазып алған Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».Атырау облысы.