• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2019

2018 жылы Қазақстанда қанша жұмыс орны ашылды

874 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстан қалаларында пайда болған жаңа жұмыс орындар саны белгілі болды.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сай, 2018 жылы Астана қаласында 6,3 мың жаңа жұмыс орны пайда болған.

Алматы қаласында жаңа жұмыс орындар саны – 4,6 мыңға өсті. Павлодар облысында – 3,1 мың, Қарағандыда – 2,6 мың, Шығыс Қазақстан облысында – 2,1 мың, Ақмола облысында – 2,1 мың, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 1,5 мың, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,4 мың, Алматы облысында – 1,1 мың, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында – 1 мың, Шымкент қаласында – 0,7 мың, Жамбыл облысында – 0,6 мың, Түркістан облысында – 0,4 мың, Қызылорда облысында – 0,3 мың.