• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Ақпан, 2019

Астана қаласының ТЖД жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

368 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар департаменті елорданың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылығын жұмыс күнін қысқартуға шақырды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорындар, құрылыс нысандарына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

«Бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда, өрт сөндіру, полиция қызметтері, Төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтерге қатысты емес» деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

 «Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керек», - деп еске салды ведомство.