• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2012

Зияткерлік армия жасақталады

322 рет
көрсетілді

Зияткерлік армия жасақталады

Сейсенбі, 2 қазан 2012 7:05

Әскери қызмет өткеру – Отан-Ана алдындағы абыройлы борыш. Көкте көк байрағымызды желбіретіп, тәуелсіздігімізді қорғау үшін, ең алдымен, айбыны асқақтаған армия қажет. Кәсіби шеберлігі жоғары, рухы мығым, жігерлі әскер ғана елінің сенімін ақтап, жерінің тыныштығын сақтай алады.

 

Сейсенбі, 2 қазан 2012 7:05

Әскери қызмет өткеру – Отан-Ана алдындағы абыройлы борыш. Көкте көк байрағымызды желбіретіп, тәуелсіздігімізді қорғау үшін, ең алдымен, айбыны асқақтаған армия қажет. Кәсіби шеберлігі жоғары, рухы мығым, жігерлі әскер ғана елінің сенімін ақтап, жерінің тыныштығын сақтай алады.

Елбасы – Қазақстан Респуб­ли­ка­сы қарулы Күштерінің  Жо­ғарғы Бас қол­бас­шысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Қазіргі әлем­де саны көп ар­миялардың қажеті шамалы. Ың­ғайлы, ұтқыр, жақсы жабдық­тал­ған, әзірлігі мол армия керек. Армия халқымыз мақтана­тындай бол­сын. Армиямыздың беделін арттыра түсейік», деген сөзі қай уақытта да өзектілігін жоғалтпақ емес.

Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрі Әділбек Жақ­сыбековтің нұсқауымен егемен еліміздің қорғанысын арттыруда елеулі жұмыстар атқарылуда. Со­ның бірегейі – запастағы офи­цер­лерді келісім-шарт бойынша әскер қатарына тарту. Бұл орайда Қор­ғаныс министрлігінің аппараты үгіттеу-насихаттау жұмыста­рын қол­ға алды. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Қорғаныс минис­трлігінің Кадрлар депар­таменті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтаудың жа­ңа жүйе­сін қолданысқа енгі­зуде. АҚШ, Ұлыбритания, Франция сынды алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден бастау алған бұл жүйе отандық армияны осы жүйеге сай жасақтауға түрткі болды.

Бұл жүйе қазақстандық армия­ны жасақтауда запастағы офицерлер арасынан кәсіби дәрежесі жо­ғары, денсаулығы мықты, өз Ота­нының нағыз патриоттарын ірік­теуге, әрі әскери атақты мақ­таныш­пен алып жүруге лайық офицерлер құрамымен толық­ты­руға мүмкіндік береді. Батыс ел­дерінің тәжіри­белерін саралай отырып, Кеңес өкіметінен қалған ескі жүйені таратып, жаңа заман­ға сай жаңа бастаманы лайық деп таныдық. Жаңа жүйенің ерек­шелігі:

1) құжаттарды қарау және ре­сімдеу мерзімі қысқарады;

2) әскерге шақыру үрдісі ор­талықтандырылады;

3) құжаттармен жұмыс істеуде заманауи технологиялар қолда­нылады;

4) сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, басқа да басымдықтар қарастырылады.

Мемлекет келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылда­натын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, жалдап тұрған жағдайда жәрдемақы тағайын­дауға кепілдік береді. Әскери қыз­метшілердің балаларына тұр­ғылықты жері бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелерден кезектен тыс орын бөлінеді. Әскери қызметші мен оның отбасы үшін медициналық қызмет көрсету мем­лекет қаражаты есебінен жү­зеге асырылады. Сондай-ақ, мемлекет есебінен киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, қызметі бойынша ауысқанда, әскери қызмет­тен шығарылған жағдайда жүгін тасымалдауға, ем қабылдау стационарына барғанда және кері қайту жолының қаражаты өте­ле­ді. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерушілер үшін 2 ай­лық жалақы мөлшеріндегі сауық­тыру төлемақысымен қоса, 40 күнге дейінгі жыл сайынғы ке­зекті демалыс беріледі. Қазақстан Респубикасының заңнамалық ак­тілерінде көзделген тәртіппен жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа да қосымша демалыстар ұсынылады. Қажет болған жағ­дайда сырқаты бойынша және отбасы жағдайына байланысты демалыс алуға да құқылы.

Қазіргі уақытта Қорғаныс ми­нистрлігінің Кадрлар департа­менті Қарулы Күштерді жасақ­таудың жаңа жүйесінің практи­ка­лық кезеңін жалғастыруда. Елі­міздің барлық аумағын қамтитын бұл іс-шаралар кейбір жерлерде өз мәресіне жетіп үлгерді. Әс­ке­ри қызмет өткеруге ниет білді­рушілердің жалпы саны – 635. Оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысында 30 шілде – 11 тамыз аралығында өткізілді. 255 кандидаттың ішінен 126 адам іріктелді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыс­тарында 20-31 тамыз аралы­ғында жүргізілді. 380 канди­дат­тың іші­нен 194 адам іріктелді. Астана жә­не Қарағанды қала­ла­ры бойынша 10-16 қыркүйек ара­лы­ғын­да іріктеуден өткен кан­ди­дат­тар­дың жалпы саны – 232.

Іріктеу комиссиясы кандидаттарды медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден, дене дайындығы бойынша сынақтан өткізу және нормативтік-құ­қық­тық актілер мен басшылыққа алы­натын негізгі құжаттарды бі­луін тексеру арқылы таңдайды.

Бекітілген кестеге сәйкес іріктеу іс-шаралары 4 өңірде өт­кі­зілуге жоспарланған: біріншісі 1-6 қазан аралығында – Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қоста­най облыстары үшін Көкшетау қаласында өтсе, екіншісі 15-20 қазанда Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Өскемен қаласында; одан кейін­гісі 29 қазан мен 3 қараша ара­лығында Атырау мен Маңғыстау облыстары үшін орталығы – Атырау қаласы; ал соңғысы 5-10 қарашада Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары бойынша Орал қаласында өткізілмек.

Келісім-шарт бойынша әскер қатарына өтуге ниет білдіру­ші­лер өз өңірі бойынша іс-шара­ларға үл­гермеген жағдайда, өткі­зілу жос­парланған жерлерге барып өті­ніш беруге болады. Және бұл шара жыл сайын жалғасын таппақ.

Бұл жүйе бойынша әскер қа­та­рына кіруге ниет білдірушілер тұрғылықты жерінің қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне (әс­кери комисариаттар) қажетті құ­жаттарын өткізеді. Сонымен қа­тар, Кадрлар департаментінің сай­тына тіркелу арқылы өз құ­жаттарының бақылауға алынға­нын біле алады.

Қазақстандық озық ойлы, жо­ғары білімді әрі тәжірибелі зият­керлік армияны жасақтау – біздің басты міндетіміз. Заманауи әс­кери техникамен жабдықталған, сонымен қатар, ақыл-ойы мен ерік-жігері мықты әскер ғана халқын қорғай алатыны анық.

Талғат МҰХТАРОВ,

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі Кадрлар

департаментінің бастығы, әділет полковнигі.