Сәрсенбі күні Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,44 долларға артып, 62,55 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,35 долларға қымбаттап, бір баррелі 54,01 доллар болды.