2018 жыл метеобақылау жүргізудің 139 жылдық тарихында тіркелген ең жылы жылдардың бірі болды. Бұл туралы АҚШ-тың Мұхиттар мен атмосфераны зерттеу ұлттық басқармасы (NOAA) мен Ғарышты зерттеу ұлттық басқармасы (NASA) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
NOAA және NASA келтірген деректерге сүйенсек, 2018 жыл ең жылы жылдардың қатарын төртеуге жеткізді. «Бірнеше жылдан бері жаһандық жылыну жалғасып келеді, 2018 жыл да сондай жылдардың бірі болды», - деп мәлім етті NASA жанындағы Годдард атындағы Ғарышты зерттеу институтының басшысы Гэвин Шмидт.
«Жаһандық жылынудың әсері байқала бастады. Су тасқындары, кей өңірлерде күрт аптап ыстықтың болуы, жауын-шашын мөлшерінің артуы, экожүйелердің өзгеруі соған меңзейді», - деді ол.
Институт басшысының сөзіне қарағанда, 1880 жылдан бері Жер бетіндегі орташа температура Цельсий бойынша бір градусқа көтерілген. Бұл адамзат белсенділігінің артуымен тікелей байланысты.