Түркияның Ыстанбұл қаласында сегіз қабатты тұрғын үй құлады. Бұл туралы CNN Turk телеарнасы хабарлады.
Телеарна мәліметінше, апат салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақаттанған.
Ыстанбұл қаласының әкімі Әли Ерлікайдың айтуынша, 14 пәтерлік тұрғын үй 43 адамға пана болыпты. Сәрсенбі түстен кейін орын алған апаттың себептері әлі де белгісіз.
Әкімшіліктің хабарлауынша, тұрғын үйдің жоғарғы үш қабаты заңсыз салынған.
Оқиға кезінде ғимараттың астыңғы қабатындағы тоқыма цехында адам болмаған. Бұл туралы жергілікті шенеунік Зеки Даг айтты.
Телеарна ақпаратына сәйкес, ғимарат жергілікті сағат 16:00-де құлаған. Апат орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмылдырылған.