Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:49
2003 жылғы наурыз айында Үкімет қаулысымен «Қазақстан инжиниринг ҰК» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Қазір бұл компания холдингтік құрылым ретінде бірнеше қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің басын біріктіріп отыр. Оның құрамына 29 еншілес және тәуелді кәсіпорын кіреді. Бұлардың 17-і қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ мұнай-газ, темір жол, агроөндіріс, жылу-энергия кешендеріне арналған өнімдерді шығарып, оларға жөндеу жасайтын мүмкіндікке ие.
Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:49
2003 жылғы наурыз айында Үкімет қаулысымен «Қазақстан инжиниринг ҰК» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Қазір бұл компания холдингтік құрылым ретінде бірнеше қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің басын біріктіріп отыр. Оның құрамына 29 еншілес және тәуелді кәсіпорын кіреді. Бұлардың 17-і қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ мұнай-газ, темір жол, агроөндіріс, жылу-энергия кешендеріне арналған өнімдерді шығарып, оларға жөндеу жасайтын мүмкіндікке ие.
«Қазақстан инжиниринг ұлттық компаниясы» АҚ Ресей тарапымен әскери техникалық ынтымақтастық туралы мәселелерді Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жанындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның шеңберінде шешеді. Оның кезекті оныншы отырысы Мәскеу қаласында биылғы 25 қазанда өткізілмек.
Сондай-ақ, компания Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының жекелеген іс-шараларын жүзеге асыруға атсалысады. Үстіміздегі жылы Ресей Федерациясынан өнім алу үшін компанияның тоғыз кәсіпорны («С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «ПЗТМ» АҚ, «811 авто жөндеу зауыты КИ» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Омега»прибор жасау зауыты» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ пен «Семей инжиниринг» АҚ) өтінім берді. Оларды жабдықтауға Ресейдің 100-ден астам кәсіпорындары ықылас танытып отыр. Ал Ресей кәсіпорындарын жабдықтаушы ретінде «Зенит» Орал зауыты» АҚ пен «Тыныс» АҚ алда тұр. Бұл әзірше аз. Дегенмен, болашақта «Қазақстан инжиниринг» АҚ экспорттаушыларының саны молая түсетініне үміт бар.
Қазақстан мен Ресей өңірлерінің 18-19 қыркүйектегі Павлодар қаласында өткен халықаралық көрмесі компанияның ресейлік кәсіпорындармен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын бұдан да жоғары көрсеткіштерге жеткізетіндігін көрсетті. Олай дейтініміз әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар құжаттарға қол қойылған. Мәселен, «НПК «Уралвагонзавод» ЖАҚ-пен ынтымақтастық кеңейе түсуде. Егер бұрын тек бронды танкке босалқы бөлшектер жасалса, ал қазіргі кезде жауынгерлік машиналарды және күрделі инженерлік техникаларды «Семей инжиниринг» АҚ-ты құрастырып, жинау қарастырылуда. Осыған байланысты Павлодардағы форумда ынтымақтастық туралы қажетті меморандумға қол қойылды.
Ресейдің «Ижевский радиозавод» ААҚ, «Российский институт мощного радиостроения» ЖАҚ, «НПФ «Микран» және басқа жетекші кәсіпорындарымен арадағы ынтымақтастықта «С.М. Киров атындағы завод» АҚ үлкен тәжірибе жинақтады деуге болады. Бұл ықпалдастықтың нәтижесінде теміржолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін локомотив құрылғыларын, азаматтық және әскери радиостансаларды, ҚР Қорғаныс министрлігі үшін автоматтандырылған метеорологиялық кешенді бірлесіп шығару жүзеге асырылды. Ресейдің басқа да бірқатар кәсіпорындарымен ынтымақтасып, жаңа өнімдер шығару туралы келісімдер бар.
Жалпы, ресейлік кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеудің болашағы зор. Оған негіз болатын әртүрлі байланыстарды өрістетуге әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ҚР және РФ арасындағы келісім мен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен бағдарламасы мүмкіндік тудырмақ. Оның жобасына «Қазақстан инжиниринг» АҚ қазірдің өзінде белсене қатысуда.
Сонымен қатар, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қорғаныс өнеркәсібі кешенін тек мемлекеттің күшімен дамыту жеткіліксіз. Бұл бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Қорғаныс өнеркәсібін дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін қалыптастыру маңызды. Оның ішінде шетелдік және отандық инвестицияларды тарта отырып, жаңа қорғаныс кәсіпорындарын құрудың қажеттілігін бөліп айтуға болады.
Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың саясатын басшылыққа ала отырып, еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешенін Қазақстанның машина жасау саласындағы локомотивіне айналдыру қажет. Бұл дегеніміз металлургия, машина жасау, химия, ақпараттық технология мен телекоммуникациялардың барлық спектрі сынды бірнеше саланы бірге дамыту деген сөз. Қазақстан инжиниринг осы бағыттың алғашқы қарлығашы. Павлодарда өткен өңіраралық форумда біз мұны айқын байқағандай болдық. Оған компанияның сондағы көрмеде қойылған техникалары анық дәлел.
Жүніс ОМАР,
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
басқарма бастығы,
полковник.