• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Омбылықтар сыйы – самауыр

556 рет
көрсетілді

Омбылықтар сыйы – самауыр

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:17

Шілде айында  шекара­лық өңірлердегі қарым-қа­ты­насты нығайту мен пар­тияаралық тәжірибе алмасу мақсатында облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының қызметкерлері мен «Біртұтас Ресей» БСП шекаралық өңір­лік бөлімшелерінің өкіл­де­рі арасында «Партия­ара­лық аймақтық әріптестік. Тәжірибемен бөлісудің тиімділігі».   «Нұр Отан» –  «Бір­тұ­тас Ресей: әріптестік көк­жие­гі» атты тақырыпта кездесу болып өтті. Кереку өңі­ріне «Біртұтас Ресей» пар­тия­сының Новосібір, Омбы облыстары мен Алтай өлке­сі­нің делегациялары келді. Өз елдерінде саяси үдеріс­тер­дің алдыңғы легінде жүр­ген белді партиялардың ара­сындағы достық қарым-қа­тынас екі елдің бірлігін ны­ғайта түсері сөзсіз.

Бұдан бұрын осындай кездесулер Омбы, Орынбор, Қазан, Орал қалаларында өт­ті. Партиялар арасындағы бай­ланысты жалғастыру үшін партияаралық әріптестік ту­ра­лы хаттамаға толықты­ру­лар енгізілді. Яғни, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік ша­ра­лары мен байланыс, инте­грациялық үдерістерге пар­тия­лардың белсене қатысуы керек екендігі және бұл тә­жірибенің өзін-өзі толықтай ақтайтын­ды­ғы көрсетілген-ді. Екі елдің интеграциялық институттары­ның сайлауал­ды науқан тұ­сында көрші тарапқа халық­ара­лық бай­қаушыларын жіберуі де со­ның айғағы.

Кездесуде «Нұр Отан» мен «Біртұтас Ресей» пар­тия­ларының өңірлік филиал­дарының өкілдері мемо­ран­думға қол қойды. Жиыннан соң «Единая Россия» пар­тиясының өкілдері павло­дар­лық нұротандықтарға са­мауыр тарту етті. Қыркүйек айында өтетін ынты­мақ­тас­тық форумында Қазақстан мен Ресей Президенттеріне шайды осы самауырға қай­на­тып беруді ұсынды. Сі­бірдің көне фабрикасынан шық­қан бұл самауырға 110 жыл болыпты. Сауданың көзін таба білген Баташов де­ген фабрикант өздері жасаған самауырларын кезінде бүкіл Ресейге, қазақ жеріне жеткізіп тұрыпты.

– Біз сіздерге қандай сый­лық әкелейік деп бір ай бойы ойландық. Сөйтіп, таң­дауымыз самауырға түсті. Сыйлықтың өткенге, та­рих­қа да қатысы болсын, екі елдің достық символына ай­налсын дедік. Бұл самауыр­дан енді екі елдің  жастары, балаларымыз бен немерелеріміз шай ішсін. Ал форум кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге де осы самауырға қайнатылған шай ұсынуға болады,– деген еді «Біртұтас Ресей» пар­тия­сының Омбы облысы депу­тат­тық фракциясының бас­шы­сы Александр Артемьев.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.