• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2019

Кәсіпкерлік қарқын алды

652 рет
көрсетілді

Өткен жылы кәсіпкерлік саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қала және аудандарда ерекше серпін алды.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Арал ауданы 1 млрд. теңгеге 16 жоба және Жалағаш ауданы 459 млн. теңгеге 9 жоба дайындады. Бағдарлама аясындағы жалпы несие портфелінің 73 пайызы Қызылорда қаласымен шығарылған», - деді.

Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша Сырдария ауданынан 167 кәсіпкер, Жаңақорған ауданынан 164 кәсіпкер және Қармақшы ауданынан 148 кәсіпкер шағын несие алған. Бағдарлама аясында шағын несиелер беру үшін бөлінген қаражаттың 569,3 млн. теңгесін Жаңақорған ауданының кәсіпкерлері алып, жемісті жұмыс жасап жатыр

Осындай мемлекеттік қолдаулардың арқасында облыста он төрт мыңнан аса азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы