Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың ақпан айына арналған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстан құрамасы өткен айдың қорытындысы бойынша екі сатыға көтеріліп, 117-орынға жайғасты. Ел қоржынында 1159 ұпай бар. Рейтингтің көшін 1727 ұпаймен Бельгия құрамасы бастап тұр. Екінші орынды 2018 жылғы әлем чемпионы Франция (1726) иеленсе, үздік үштікті бес дүркін әлем чемпионы Бразилия (1676) құрамасы қорытындылады. Сонымен қатар алғашқы ондықта да өзгеріс жоқ.
Айта кетейік, Михал Билек шәкірттері 15-ақпаннан бастап Түркияда бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 21-ақпанда ФИФА рейтингінде 170-орында тұрған Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
ФИФА рейтингі: 7 ақпан, 2019 жыл
1 (1). Бельгия — 1727 ұпай 2 (2). Франция — 1726 3 (3). Бразилия — 1676 4 (4). Хорватия — 1634 5 (5). Англия — 1631 6 (6). Португалия — 1613 7 (7). Уругвай — 1609 8 (8). Швейцария — 1599 9 (9). Испания — 1591 10 (10). Дания — 1589 30 (28). Украина — 1482 50 (48). Ресей — 1424 78 (76). Беларусь — 1317 89 (95). Өзбекстан — 1275 91 (89). Грузия — 1269 95 (91). Кырғызстан — 1253 96 (96). Эстония — 1246 101 (101). Армения — 1222 108 (107). Әзербайжан — 1206 117 (119). Қазақстан — 1159 120 (118). Тәжікстан — 1155 131 (132). Латвия — 1112 132 (133). Литва — 1111 136 (127). Түркменстан — 1089 170 (170). Молдова — 979.