• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Қатар жатқан өңірлерде көп мәселе ортақ

384 рет
көрсетілді

Қатар жатқан өңірлерде көп мәселе ортақ

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:07

Біздің Қостанай облысы Ресейдің Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен шектеседі. Қа­шан­нан «ауылымыз аралас, қойымыз қоралас» жатқан құдайы көршіміз. Қоңсы қонған облыстардың арасында қай жағынан болсын барыс-келіс жеткілікті. Жастар үшін де араласып-құраласу өте тиімді. Олар танысады, білмегенін біліседі.

 

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:07

Біздің Қостанай облысы Ресейдің Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен шектеседі. Қа­шан­нан «ауылымыз аралас, қойымыз қоралас» жатқан құдайы көршіміз. Қоңсы қонған облыстардың арасында қай жағынан болсын барыс-келіс жеткілікті. Жастар үшін де араласып-құраласу өте тиімді. Олар танысады, білмегенін біліседі.

Екі ел арасында жастарға арналған екі жоба, яғни  «Біз ХХІ ғасырда бірге өмір сүреміз!» халық­ара­лық жастар фестивалі, «Көршілер» халықаралық лагері іске асырылып келеді. «Біз ХХІ ғасырда бірге өмір сүреміз!» халықаралық жастар фестивалі 2003 жылдан бері Ресей федерациясының Қорған облысы мен Қостанай облысы арасындағы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда. Міне, осы­ның арқасында оншақты жылдан бері қорғандық жастармен тығыз байланыстамыз.

Фестивальде мемлекеттік жастар саясатының жетістіктері, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік маңызды жобалардың нә­ти­же­лері, осы жұмыстар барысындағы екі жақты тәжі­рибелер ортаға салынады. Фестиваль бір жыл Қорғанда, бір жыл Қостанайда өтіп тұрады. Биыл күзде, қазан айында қорғандық жастар бізге келеді, қа­зір оған бізде қызу дайындық жүріп жатыр. Фестиваль бағдарламасы мәдени-бұқаралық шараларға, спорттық жарыстарға бай. Жастар мұндай шаралар барысында танысып қана қоймай, достасып кетеді. Қазір біздің жастардың, студенттердің Қорғанда қатысатын достары жеткілікті. Қатар жатқан ел болғандықтан, мұндай шаралар жастарды жақын­дата түседі. Ал бұл өте маңызды.

«Көршілер» халықаралық лагері аясында іскерлік әріптестік қатынас орнатылады. Жастар саясаты саласындағы бастамалар, жаңашыл ұсыныстар жөнінде тәжірибе алмасамыз, шеберлік сабақтары, спорттық, ұлттық-мәдени дәстүрлермен танысатын шаралар өтеді. Көрші елдер жастары арасындағы мұндай қарым-қатынас арқасында алдымен, жастар саясаты саласында озық тәжірибелер алмасамыз. Себебі, көршілерде көп мәселелер ортақ болады. Сондай-ақ, қатар жатқан елмен шекараны тарс жаппай, барыс-келіс жасау, достық көңілмен араласу тәуелсіздік алған жылдардан бергі жеткен жетістіктерімізді насихаттауға да таптырмайтын тәсіл емес пе? Облыста, жалпы елімізде атқарылып жатқан игілікті істерге ресейліктер, тіпті, таңырқап та қарайды. Олардан үйренетін тұстар мен істер де аз емес. Көрші хақысын да ұмытпаймыз.

Ерлан ҚАЛМАҚОВ,

Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының

жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы.

ҚОСТАНАЙ.