Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:07
Астаналық әскери бөлім жаңа жауынгерлік БТР-82 және БРМ «Кобра» қару-жарағына ие болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін бес қаруын асынған десантшылар жауынгерлік машиналармен «Спасск» оқу орталығы бағытына жорыққа шықты. Мұнда олар дала төсіндегі жаттығуларда жауынгерлік атыстарды жүзеге асырып, тәжірибелерін толықтыратын болады. Оқу орталығының полигонында жаңадан келген техникалар да қатыстырылады.
Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:07
Астаналық әскери бөлім жаңа жауынгерлік БТР-82 және БРМ «Кобра» қару-жарағына ие болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін бес қаруын асынған десантшылар жауынгерлік машиналармен «Спасск» оқу орталығы бағытына жорыққа шықты. Мұнда олар дала төсіндегі жаттығуларда жауынгерлік атыстарды жүзеге асырып, тәжірибелерін толықтыратын болады. Оқу орталығының полигонында жаңадан келген техникалар да қатыстырылады. Сонымен қатар жол-жөнекей жеке құрам тәжірибе жүзінде шабуылға тойтарыс беру, тосқауылдардан өту және шартты түрдегі қарсыластардың көзін жою сияқты жаттығуларды пысықтайды. Оқу орталығына келісімен десантшы-жауынгерлер жеке қарудан және Т-72, БТР-80А, БТР-82, БРМ «Кобрадан» ату жаттығуларын орындайды. Биылғы жылы Қазақстан армиясындағы іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығын мерекелеуге байланысты өткізіледі.
Жауынгерлік әзірлікке байланысты жылдың қай мезгілінде де алға қойылған барлық тапсырмалар әскерлердің біліктілігін жетілдіруге арналған басты шара болып саналады.
Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында әскерлер жаңа қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да құрал жабдықтармен жабдықталуда. Басты назар қолда бар техниканы жетілдіруге, қалпына келтіруге және заманауи қару-жарақ алуға аударылған.
Отандық тауар өндіру және отандық өнеркәсіп кешенін дамытуда айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейін отандық кәсіпорындарда әскерге арналған өнімдерді 80 пайызға арттыру белгіленген. Бүгінде ол 50 пайызға жетіп отыр.
Бұған мысал ретінде Қазақстан кәсіпорындарында шығарылып жатқан 125 мм-лік снарядтарды, имитациялық құралдарды, тіркемелер мен қашықтық өлшегіштерді, «КамАЗ» автокөлігі базасында жасалған штаб машиналарын, жауынгерлік машина экипаждарын әзірліктен өткізетін тренажерлерді атауға болады. Сонымен бірге, отандық кәсіпорындар бронды техника мен автокөліктерді, авиациялық техникалардың жекелеген түрлерін толық көлемде жетілдіруді және барлық жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, Қазақстан аймағында әскери мақсаттағы өнім шығарудың ауқымы артты, бірқатар бірлескен кәсіпорындар ашылды, олардың өнімдері қазірдің өзінде армияны жабдықтауға жіберілуде.
– Бүгін Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің жауынгерлік машина паркін БТР-82 мен БРМ «Кобра» толықтырды, – деп атап өтті 68665 әскери бөлімнің командирі, генерал-майор Алмас Жұмакеев. – Қазақстан армиясы ТМД елдері арасында алғаш жаңа техникамен жабдықталды.
БТР-82 – терең жетілдірілген БТР-80 бронды транспортері. Кешенді жұмыстардың атқарылуы барысында машинаның өміршеңдігі 20 пайызға арттырылды, экипаж мүшелері мен агрегаттарды және жүйелерді қорғау күшейтілді. Жарықшақтардан қорғайтын, жылу мен шуды сақтайтын қондырғының қойылуы экипаждың жұмыс істеуіне ыңғайлылық туғызды. Атыс қуаты мен жүру деңгейінің арттырылуы жолсыз жермен жүруі кезінде жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.
«Кобра» барлау машинасына бронетраспортердің құрамдас бөліктері пайдаланылды. Машинаның корпусы БТР-ға қарағанда шағын әрі ыңғайлы, әскери техника экипаж мүшелері мен іштегі жабдықтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Машинаны қосымша бронмен қаптау мүмкіншіліктері қарастырылуда. Машина еш қиындықсыз тереңдігі 1,1 метр сулы бөгеттен өте алады, суда жүзеді әрі жылдам жүреді.
Десантшы-жауынгерлер «Спасск» оқу орталығында бір ай бойы шыңдалып тәжірибе жинақтайды. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері қыстың қытымыр аязына ырық бермейді, ауа райы олардың қандай киім кию керектігін ғана анықтайды.
Жаттығу аяқталды, мақсат орындалды
Қарулы Күштердің 20 жылдығы қарсаңындағы қысқы оқу кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары қарқынды іске асырылуда. Республиканың оңтүстігінде Құрлық әскерлерінің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері тартылды. Жамбыл облысының Гвардейский гарнизоны маңында мотоатқыштар, танк және артиллериялық бөлімшелер аралас әдіспен: темір жол бойымен эшелондармен және автокөлікпен жетті.Бұл жаттығулардың бір ерекшелігі – оқу-жауынгерлік тапсырмалар дағдылы дала төсінде емес, қосымша қиыншылықтар тудыратын белгісіз таулы аймақта, өте күрделі жағдайда алғаш рет ұйымдастырылды. Мұндай әдістің Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдеріндегі кәсіби-офицер мен кәсіби келісім-шарт қызметкерін және мерзімді қызметтегі сарбаздың жауынгерлік әзірліктегі біліктілігін арттыруға септігін тигізері хақ.Оқу-жаттығу қимылдарына барлығы 2,5 мыңнан астам әскери қызметші қатысты. Олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронды транспортерлерді, танктерді, артиллериялық қондырғылар мен атыс қаруларын шебер меңгергендіктерін байқатты. Әскерлерді әуеден майдандық және армиялық авиация сүйемелдеді. Жаттығудың күрделі кезеңдерін әскери қызметшілер күндіз де, түнде де жүзеге асырды.– Жыл мезгілінің қандай тәулігінде болмасын жауынгерлік әзірлік бойынша берілген тапсырмаларды орындау – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың талап етіп отырғанындай, Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің біліктіліктерін жетілдіруге арналған басты құрал болуы тиіс, – деп атап өтті жаттығудың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.Жаттығу аяқталды. Әскери қызметшілер аралас әдіспен: темір жол бойымен эшелондармен және автокөліктермен өз әскери бөлімдеріне атанып кетті.Жүніс ОМАР, ҚР ҚМ баспасөз қызметі.