• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2012

Ғылыми орталық халықаралық құрметке ие болды

493 рет
көрсетілді

Ғылыми орталық халықаралық құрметке ие болды

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 7:59

Астанадағы «Ұлттық меди­ци­налық холдинг» клиникасы – «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы» – кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі және Шығыс Еуропа елдері арасында бірін­ші болып JCI халықаралық аккредитациясына – ауруханалық басқа­ру сала­сындағы алтын сапа стандартына ие болды. Дүние жүзін­де бұл халықара­лық ұйымның аккредитациясын алған шамамен 300-ге тарта медициналық мекемелер бар екен.

«Ана мен бала ұлттық ғылы­ми ор­талығының» бұл халық­ара­лық аккре­дитацияға дайындық шаралары 2009 жылдан бастал­ған болса, содан бері клиника дең­гейін медициналық көмек көр­сетудің және пациент қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудің халық­ара­лық стандарттарына сай кел­тіру мақсатында көп жұмыс жасал­ған. Халықаралық сарапшылар жыл сайын клиникадағы әріп­тес­терімен бірге дайындық жұ­мыс­­тарының әр кезеңінде жүр­гізіліп жат­қан іс-шаралардың тиім­ділігін бағалап, одан әрі жетілдіру жоспарына өз түзету­лерін енгізіп отырған. Халық­аралық аккреди­та­цияға дайындау барысында комис­сия­ның кеңес­ші­лері клиникада сапаның 1200 өлшемі бойынша бағаланатын 329 әлемдік стан­дарт­тың және денсаулық сақтау сала­сындағы көшбасшылықтың сақ­талуы­на аса көңіл бөлген. Осындай ха­лық­аралық аккредитациядан «Ұлт­тық медицина­лық холдинг­тің» бес клиникасы өтеді деп жоспарланып отыр, ал бұл Назарбаев Университетінің медицина мек­тебінің клиникалық базасын құру үшін өте маңызды іс-шара.

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» Астана қаласының ал­дыңғы қатарлы медициналық кластер объек­тілерінің бірі болып табылады және оның стацион­арлық пациенттерге ар­налған 500 төсек-орны бар. Орталықта диагности­калаудың және пациенттерді ем­деу­дің ең заманауи технологиялары қолданылады. 2009 жылдан бастап «Ана мен бала ұлт­тық ғылы­ми орталы­ғын» Германиядағы Шарите сияқты белгілі клиникаларды, Венаның медици­налық универси­тетінің клиникасын, сондай-ақ Малайзиядағы, Абу-Дабидегі және де басқа елдердегі ауруханаларды басқаратын Vamed Австрия компаниясы басқарып отыр.

Басқосуда «Ұлттық медици­на­лық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Елжан Біртанов, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орта­лы­ғы» АҚ басқарма төр­ағасы Лукас Якубец орталықтың жеткен же­тіс­тіктері туралы әңгімелеп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Берік САДЫР.