• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2010

КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

753 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республи­касының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен кездесуге дайындық шеңберінде Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті. Мәскеуде өтетін екі ел үкі­мет­те­рі басшыларының кездесуінде екі елдің Кеден одағы шеңберіндегі қыз­меттестіктеріне қатысты бір­қа­тар мәселелер талқыланбақшы. К.Мәсімов атап көрсеткендей, Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері кол жеткізген Кеден одағын құру туралы келісімдер бүгінде іс жүзіне асуда. Қазіргі күні Кеден кодексіне түзетулер енгізу жө­ніндегі ортақ шешімдер қабыл­да­нып, импорттық баж салығынан тү­сетін ақша қаржыларын бөлу жө­нін­дегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Таяу уақыттарда тараптар кеден қызметтерінің өзара іс-қимылдарын келісіп, кеден бекеттерінің бірегей жұмыс регламентін қалыптастыруы қажет. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.