Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесуінде келешектің мамандықтарын атап көрсетті.
«Қазір нақты қай бағыттарға басымдық беру керек? Олар – жасанды интеллект, ақпараттық теxнологиялар, биоинженерия, нанотеxнологиялар. Дәл осы салалар бізді алға жетелейді. Сол себепті біз ЭКСПО-2017 көрмесі өткен аумақта стартаппен айналысатындарға арнап үлкен зертxаналар аштық. Қазір жобалардың коммерциялық пайда табуы үшін көмек көрсетіп жатырмыз» деді Елбасы.
Сондай-ақ Н.Назарбаев «100 жаңа есім» жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттаудың маңызын түсіндірді.
«Олар туралы айтып, көпшілікке көрсету керек. Әрбір адам – жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады» деді Президент.
Айта кету керек, Астанада Елбасының қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтті.