• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2012

Бүршік жарды ақ қайың

668 рет
көрсетілді

Бүршік жарды ақ қайың

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 8:12

Қазір қай қала мен ауылдың болсын басты сәні ретінде жасыл желекке қалай бөленіп, малынуы алдымен көзге түседі. Көшелері мен аулалары кербез қайыңдарға, сылаңдаған теректерге, көкке шаншылған қара­ғайларға толы болса, ортаның көркемдікке деген көңілі танылып қалады. Табиғаты ағаштың көктеп-өсуіне қытымырлау да­ла­лық аймақтың барлық же­рінде де сан түрі бір-бірімен қойындасып, аймаласып, құшақ айқастырып тұруы бүгінде үй­реншікті көрініске айналғанмен, жасыл желекті көбейтуге қашан­да ынта түскен емес. Бір кезде қарағанынан басқа бұтасы жоқ Қарағандының көркі сол ар­қы­лы жарасымдылығы көптеген жылдар жүргізіліп, жалғасты­ры­лып жатқан аялы алақанның жемісі нәтижесі екені даусыз.

Тал сирек жерлерде ағаш егу­дің мәні үлкен, қуанышы зор саналады. Бұл игілікті іске үл­кен-кіші болып жұмыла қаты­сып, бір-бір түп бұта, одан да асырып отырғызу әркімге қас­терлі парыз. Көктем мен күздің тамыр­лан­дыруға қолайлы шақ­тарында бүкіл ұжым, көрші-қолаң, дос-жаран, отбасы топтасып, айналаны жапырағы бүр жара бастаған көшеттерге көр­кейту – сүйінішті мерекелік шара. Осы орайда кей­інгі кезде жас қауымның бел­сенділігі ерекше өсіп, анық бай­қалуы – көпшілік ризалығын тудырып отырған құ­былыс. «Жасыл ел» жастар ең­бек жасақтары облыстық шта­бы­ның ұйымдасты­руы­мен қала­ның жа­ңа саябағын­да өткен ағаш егу акциясы со­ның биылғы бірінші көрінісі бол­ды. Оған қо­ғамдық, азамат­тық деңгейде қоз­ғау салып, үл­гілі үрдіске ұй­ыт­қы бол­ған жастар баст­ама­шы­лы­ғына қолдау­шы­лық тұрғын­дар­дың қол­да­ры­на күректерін іле келіп, көптеп жиналуынан білінді. Со­лардың бел ортасын­дағы облыс әкімі Әбілғазы Құ­сайынов бас­таған мемлекеттік қызмет­кер­лер тобына жоғары оқу ор­ында­ры­ның ұс­таздары мен шә­кірт­тері, кәсіп­ор­ындар ең­­­беккерлері қо­сыл­­ды. Ағаш кө­шеттері тамырын жер­­ге нәрлендіру жұ­мыс­тары ме­желі уақытқа дейін тыным таппады.

Осынау істе соңғы жыл­дар­да­ғы жағымды бір жаңалық, бұ­рын­ғыдай ағаштардың үйрен­шік­ті түрлері егілумен ғана шек­тел­мейді. Енді Алатаудың қысы-жа­зы жасыл жапы­ра­ғы бұта­ғынан ар­ыл­майтын алып емен­­дері, Бурабай мен Қар­қара­лы­ның тіп-тік қарағайлары, Баян­ауылдың ба­лау­­­са қайыңдары жерсін­ді­рі­ліп көк­­­тетіледі. Бұл күні «Жасыл елдің» 100-ге жу­ық белсен­ді­ле­рімен бірге атал­ған сая­бақ­та 300 бұтағына бүр­шік жардырылды.

Мұндай шара сондай-ақ өңір­дің барлық жерлерінде өтті. Сонымен бірге, сәуір мен ма­мырдың әр сенбісі қоршаған ортаны жасыл желекке бөлеу күн­дері болады. Ағаш – айналаға кө­рік, ауаға тың тыныс, адам­дар­ға сая. Соны кеңейту жолында игі­лікті істі өз қолдарына алған жасылелдіктердің тамаша акциясы аясында өрбитін жұ­мыс­тардың үлкені алда. Көктем – жа­ңару мен жасарудың, көрік­те­нудің басы. Бүршік жарады әлі талай ағаш.

Айқын НЕСІПБАЙ,

Қарағанды.