• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2012

Елдік рухтың тәлімі

279 рет
көрсетілді

Елдік рухтың тәлімі

Жұма, 20 сәуір 2012 8:17

Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғайтын құры­лым­дардың қатарында бой­ын­да патриоттық сезімі жоғары жас­тардың болуы мемле­кеті­міз­дің мығымдығын қамта­ма­сыз етеді. Сондықтан да ел қор­ғаны болар жастарға талаптың да жоғары болатыны түсінікті. Осы мақсатта елінің тарихын, тілі мен ділін, әні мен күйін жастардың бойына сіңіру үшін көп жұмыстар жасалуда. Об­лыс­тық ішкі саясат басқар­ма­сы­ның ұйытқы болуымен №6655 әскери бөлімінде өткен «Жас Ұлан – 2012» әскери-пат­риоттық әндер байқауы осы бағыттағы жоспарлы шара­лар­дың бірі ғана.

 

Жұма, 20 сәуір 2012 8:17

Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғайтын құры­лым­дардың қатарында бой­ын­да патриоттық сезімі жоғары жас­тардың болуы мемле­кеті­міз­дің мығымдығын қамта­ма­сыз етеді. Сондықтан да ел қор­ғаны болар жастарға талаптың да жоғары болатыны түсінікті. Осы мақсатта елінің тарихын, тілі мен ділін, әні мен күйін жастардың бойына сіңіру үшін көп жұмыстар жасалуда. Об­лыс­тық ішкі саясат басқар­ма­сы­ның ұйытқы болуымен №6655 әскери бөлімінде өткен «Жас Ұлан – 2012» әскери-пат­риоттық әндер байқауы осы бағыттағы жоспарлы шара­лар­дың бірі ғана.

Байқауды өткізудің мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту болып табылады. Фес­тиваль өтетін алаңға №6655 әс­кери бөлімінің «Ұлан», Ақтө­бе заң институтының «Қор­ған», Есет батыр атындағы әске­ри-полициялық мектеп-ин­тернатының «Арлан», екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Тал­ғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері институты­ның командалары салтанатты киініп шыға келгенде, көз сүй­сі­ніп, көңіл көтеріліп қалды. Сып­тай бой түзеген жастардың жарасымды қимыл-қозғалы­сы­ның өзі бұл шараның ажарын ашып жүре берді.

«Болашақ бүгіннен баста­ла­ды» атты республикалық ак­ция­ның аясында өткізіліп жат­қан бұл шараға аталған мекемелер ғана емес, осында әскери қыз­метін өтеп және оқып жүр­ген балалардың ата-аналары­ның келуі де жарасымды бол­ды. Фестиваль үш номинация бойынша өткізілді. Фестиваль­ға қатысушылар патриоттық, сап­тық әндер айтудан, мемлекеттік рәміздерімізге және ел тәу­ел­сіздігіне қатысты сұрақтарға жауап беруден сынға түсті. Кіріспе сөзбен ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы бас­тығының орынбасары Сырым Әбдірахманов еліміздің ертеңі жастар екенін тілге тиек ете келіп, патриоттық сезімнің ір­гетасы осы әскери бөлімдерден қаланатынын жеткізді. Фес­ти­вальға Ұлы Отан соғысы және тылдағы еңбек ардагерлері Федор Чемодановтың, Мұса Ал­да­низовтің, Өтеш Жалмағам­бе­тов­тің және Ғұбайдолла Біті­ков­тің қатысуы да бұл шара­ның маңыздылығын арттыра түсті. Соғыс және еңбек арда­герлерінің келіп отырғанын көр­ген қатысушылар мінсіз өнер көрсетіп, аға ұрпақ ал­дын­да ұялмауға тырысты.

Әскери бөлімнің алаңын­да­ғы сахна төріне көтерілген №6655 әскери бөлімінің әншісі Асхат Қуандықов патриоттық әндердің шеруін бастай жө­нелді. Алаң аспанын №6655 әскери бөлімінің өкілі Жасұлан Ертасов, Әуе қорғанысы күш­тері әскери институтының кур­санты Мирас Бекесов, осы жо­ға­ры оқу орнының курсанты Ал­тынбек Ақкереев орындаған патриоттық әндер жалғас­тыр­ды. Аманат Қаратаевтың әні де тың­дарманның көңілінен шықты.

Жаңа ғана сахнадан түскен Аманат өзінің Ақтөбе заң инс­титутында екінші курста оқи­ты­нын, қазақша ән айтуды ұната­тынын жеткізді. Оның орын­дауындағы «Өз елім!» әні ша­ра­ға жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Әнді орындап сахнадан түскен Аманат Қара­таев ата-анасы Жомарт пен Мүслиманың сенімінен шығу басты мақсаты екенін, өнерге талаптанып жүргенін жеткізді.

Содан кейін фестивальға қатысушы командалар сапта ән айтып, сайысқа түсті. Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қатысты сауал­­дар­ға да фестивальға қа­тысу­шы­лар мүдірмей жауап берді. Жарыс болған жерде жанкүйер де қалмайтыны белгілі. Біз сондай жанкүйердің бірі Зарипа Күлекеновамен тілдестік. Ол осында жиені Ас­қар­бекті қол­дауға келгенін, оның сапта ән орындап өткенінің өзін көңілге медеу тұтатынын айтты. Осындай шаралардың жастар­дың бойында елге, туған жерге, ата-анаға, бауырға деген сүйіс­пеншілікті оятатынын тілге тиек етті. Еліміздің болашағы жас­­тардың қолында екенін, олардың адамгершілігі мол, ту­ған еліне деген үлкен жүректі азамат болып өсуі осындай игі істерден бастау алатынын ана­лық сезіммен түйіндеді.

Фестивальға қатысушылар­дың өнерлерін бағалаушы қа­зылар алқасы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қор­ғанысы күштерінің әскери инс­титутын Гран-при жүлдегері деп таныды және сапта ән айтудан жеңімпаз болды. Бірінші орынды №6655 әскери бөлімі­нің командасы иеленді. Ақтөбе заң институтының командасы­ның жетекшісі Дамир Хайрушев «Үздік команда капита­ны», №6655 әскери бөлімінің қызметкері Жасұлан Ертасов «Үздік орындаушы» номина­ция­сын жеңіп алды. Жеңімпаз­дар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар тап­сырылды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

Ақтөбе облысы.