Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдарға арналған мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылады.
Сол сияқты тұрғын үй құрылыс салымдарын дамыту және құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау тұрғысында тұрғын үй саясатын дамыту мәселелері де қаралды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.