• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Ақпан, 2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

273 рет
көрсетілді

Қазақстан 2019 жылғы 13 ақпанда Иранның Систан-Белуджистан провинциясында орын алып, көптеген ирандық әскери қызметшілердің өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет. 

Қаза тапқандардың және зардап шеккендердің жанұяларына, сондай-ақ Иран халқы мен үкіметіне көңіл білдіреміз.